Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның батыс өңірлеріне есірткі заттарын жеткізу арналары жойылды

Қазақстанның батыс өңірлеріне есірткі заттарын жеткізу арналары жойылды
Фото: polisia.kz

Қазақстанның батыс өңірлеріне есірткі заттарын жеткізу арналары жойылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР ІІМ есірткіге қарсы іс-қимыл департаментінің және БҚО ПД есірткіге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері арнайы операция жүргізу барысында өңіраралық қылмыстық топтың Қазақстанның батыс өңірлеріне есірткі заттарын жеткізу арналарын жойды.

Қылмыстық топ Алматы, Шымкент, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының 8 тұрғынынан құралған. Олар Орал және Ақтөбе қалаларындағы азық-түлік дүкендері желісі арқылы көкнәр өнімін сатумен айналысқан.

Қылмыстық топқа қатысушылардың әрқайсысына тиісілі жұмыстары болған: Шымкент қаласының тұрғыны – ұйымдастырумен айналысса, Алматы қаласының тұрғыны – есірткі заттарын жеткізуші, ал қалғандары есірткі заттарын азық-түлік дүкендері арқылы сатумен айналысқан.

Азық-түлік дүкендерін тінту кезінде есірткі заттары, еріткіш заттары салынған қораптар, граммен өлшенетін электронды таразылар табылып, тәркіленді. Сондай-ақ әр дүкенде қаражаттың кіріс және шығысын есептеуге арналған касса журналдары табылды.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 994 қап қосынды қосылған көкнәр сабағы, 10 қораптан астам еріткіш заты, 5 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражат, қымбат бағадағы 4 жеңіл автокөлігі (қылмыстық әрекеттен түскен қаражатқа алынған), DAF жүк көлігі тәркіленді.

Сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген көкнәр сабағының жалпы салмағы 1,635 келі 257 граммды құрайды.

ҚР ҚК-нің 262-бабы 1-бөлігі (Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық ұйымды құру), ҚР ҚК-нің 262-бабы 2-бөлігі (Ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу), ҚР ҚК-нің 2018-бабы 1-бөлігі (Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе)өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)) және ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша БҚО полиция департаментімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті