Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚМА өкіліне Боранбаев пен басқа да олигархтардың мүлкі туралы сұрақ қойылды

ҚМА өкіліне Боранбаев пен басқа да олигархтардың мүлкі туралы сұрақ қойылды
Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Аптаның басынан бері Қаржы мониторингі агенттігі сотталған олигарх Қайрат Боранбаевтың түрлі активтерін қайтарғанын хабарлады. Мәжіліс кулуарында журналистер агенттік төрағасының жуырда ғана тағайындалған орынбасары Дмитрий Малаховтан мұның немен байланысты екенін сұрады, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚМА төрағасының орынбасары Боранбаевтың өз активтерін осылайша кезеңдеп қайтаруын жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстың нәтижесі деп атады. Сонымен қатар, Малахов сотталған кәсіпкердің мемлекетке қайтаратыны әлі бар екенін айтты. Бұдан кейін Боранбаевтың жазасы жеңілдей ме деген сұраққа Малахов бұл соттың құзыреті екенін айтты.

Сондай-ақ, ҚМА төрағасы орынбасарынан басқа олигархтардан активтерді қайтару қашан жүргізілетінін және заңсыз алынған активтерді қайтару есебінде Боранбаевтан басқа кімдер тұрғаны сұралды.

"ҚМА жұмысының ерекшелігіне байланысты бұл адамдар бізге белгілі, сондай-ақ олардың иелігіндегі, соның ішінде шетелдегі мүліктері де белгілі. Белгілі бір тұлғалар бар әрбір қылмыстық іс бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр", - деді Малахов қысқаша.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті