Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

“1 стақаны 20 мың теңге”: Тараз тұрғыны Үнді қарасорасын сатумен айналысқан

“1 стақаны 20 мың теңге”: Тараз тұрғыны Үнді қарасорасын сатумен айналысқан
Фото: polisia.kz

Тараз тұрғыны Үнді қарасорасын бақшасына егіп, бір стақанын 20 мың теңгеден сатқан, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Таразда полиция қызметкерлері есірткі сатқаны үшін 35 жастағы тұрғынды ұстады. Жамбыл облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 2023-2025 жылдарға арналған есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрестің кешенді жоспарын орындау мақсатында “Қарасора – 2023” ЖПІШ шеңберінде жедел-іздестіру іс-шараларын өткізді. Күдіктінің тұрғылықты жерін тінту кезінде сарайдан өсімдік тектес кептірілген заттары бар пакеттер және бақшасынан ерекше иісі бар жасыл түсті 10 түп өсімдік табылды.

Сараптама қорытындыларына сәйкес, зерттеуге ұсынылған өсімдіктер қарасора есірткісі, ал қолдануға дайын кептірілген зат – жалпы салмағы 1,7 келі болатын марихуана болып шықты. Сондай-ақ 16 калибрлі 4 патрон тәркіленді.

Ер адам Үнді қарасорасын бақшасына егіп, бір стақанын 20 мың теңгеге сатқан.

– Ұсталған адам кінәсін мойындап, Тараз қаласының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта осы дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу, жіберу немесе өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Баптың санкциясы мүлкін тәркілеп, 15 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді, – деді Жамбыл облысы полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының орынбасары Дінмұхамбет Қойториев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты