Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте автобус жолаушыларына 2 млн теңгеден астам шығын келтірген қалта ұрысы ұсталды

Шымкентте автобус жолаушыларына 2 млн теңгеден астам шығын келтірген қалта ұрысы ұсталды

Шымкентте автобус жолаушыларына 2 млн теңгеден астам шығын келтірген қалта ұрысы ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Тұран аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ұрлықтың бірнеше дерегіне қатысы бар 39 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады. Ер адам қоғамдық көліктерде жолаушылардың ұялы телефоны мен әмиянын ұрлаумен айналысқан. Ол бір айда ондаған азаматтың қалтасына қол сұғып, 2 000 000 теңгеден астам шығын келтірген.

Зардап шеккендердің бірінің айтуынша, шағын автобус ішінде жол ақысын төлеп жатқанда күдікті қалтасынан смартфонын суырып алып, ізін суытқан. Тағы бір арызданушының қалтасынан құжаттары мен қолма-қол ақшасы бар әмиянын алып, келесі аялдамадан түсіп қалған.

Белгілі болғандай, ұсталған азамат бұған дейін бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған.

Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеушілер оның қатысуымен жасалған ұрлық саны артуы мүмкін екенін айтады.

Аталған жайт ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Бірнеше рет жасалған ұрлық) бойынша тергеліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды