Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Ақорда» резиденциясында он төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілерінің Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.
Мемлекет басшысы дипломаттарға еліміз БҰҰ Жарғысының мақсаттары мен қағидаттарына негізделген әділетті әлем орнату тәртібін жақтайтынын айтты.

Қазақстан елдің қауіпсіздігі мен орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған бейбіт сыртқы саясат жүргізеді. Біз сіздердің мемлекеттеріңізбен өзара тиімді, достық қарым-қатынастарды кеңейтуге және нығайтуға мүдделіміз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның экономикалық даму тұрғысынан келешегі зор екенін, елімізді әлемдік экономиканың маңызды бөлігіне айналдыру үшін барлық мүмкіндікті жасайтынын атап өтті.

Еліміз – Орталық Азия өңіріндегі экономикасы ең дамыған мемлекет. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмаймыз. Экономикамызды одан әрі орнықты дамыту үшін бар күш-жігерімізді жұмсаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Президент салтанатты рәсім соңында елшілерді Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының ресми түрде басталуымен құттықтап, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту ісінде табыс тіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев сенім грамоталарын тапсырған елшілер мемлекеттерінің басшыларына ізгі тілегі мен сәлемін жолдады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді