Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері өрт кезінде бенгал мысықтарын құтқарды

Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері өрт кезінде бенгал мысықтарын құтқарды
Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

Өрт Өскемен қаласындағы Бейбітшілік көшесіндегі тұрғын үйді шарпыды. Оқиға орнына келген 6-ӨСБ өрт сөндірушілері үйдің шатырының өртеніп жатқанын көрді, өрт ішінара көрші үйдің кіреберісіне тараған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Барлау кезінде жанып жатқан үйдің ішінде ешкім болмаған. Барлық күштер жалынды басуға жіберілді. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында жалпы ауданы 46 ш.м. өрт сөндірілді.

Өрт сөндірушілер үйден жану заттарына уланып, есінен танып жатқан екі бенгал мысықтарын алып шықты. Біреуі сымға оралып қалған, екіншісі жатын бөлмеде еденде жатқан. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлерінің өкпені жасанды желдету аппаратының және уақтылы көрсетілген реанимациялық шараларды қолдануы арқасында жануарлар аман қалды. Оған шамамен 6 минут қажет болды.

Өртті сөндіруге жеке құрамнан барлығы 13 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

Өрт себебі бойынша электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтамау нұсқасы пысықталуда. Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері атап өткендей, олар құтқарушылар сияқты адамдарға ғана емес, жануарларға да көмекке келеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды