Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қаржы пирамидасын құрғандар 250 млн теңгені қалтаға басқан

Астанада қаржы пирамидасын құрғандар 250 млн теңгені қалтаға басқан
Фото: pixabay.com

Қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша «Sterling Invest» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, аталған ЖШС құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардың қаражатын тартып, 20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерінде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекеттерді жүзеге асырғаны анықталды.

Инвестицияның ең төменгі сомасы – 200 000 теңге. Төлемдер келісім шарттарына сәйкес 15 күннен 35 күнге дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, «MegaSnabGroup.kz» және «Азия Сталь Казахстан» ЖШС еншілес кәсіпорындары анықталып, олар да сыйақылардың үлкен пайызын уәде ете отырып, құрылыс материалдарын сату және инвесторлардың қаражатын тарту бойынша ойдан шығарылған қызметпен айналысады.

Сонымен қатар, компаниялар әрбір әкелінген инвестор үшін инвестиция сомасының 5%-дан 10%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша табыс алуға уәде береді.

“Сот бұл қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыға «үй қамауы» түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді. Қазіргі уақытта 80-нен астам адам жәбірленуші ретінде танылып, оларға жалпы сомасы 250 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген”, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін  Қарағандыда бұрын сотталған әйел желіде қаржы пирамидасын құрғаны анықталды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда