Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекеттік қызметкерлердің жартысынан астамы – әйелдер: Әлібек Қуантыров ҚР-­дағы гендерлік теңдік туралы баяндады

Мемлекеттік қызметкерлердің жартысынан астамы – әйелдер: Әлібек Қуантыров ҚР-­дағы гендерлік теңдік туралы баяндады
Фото: gov.kz

Ұлттық экономика мин­истрі атап өткендей, Қазақстан тең құқықтары мен мүмкін­діктері бар қоғамды қалыптастыруда елеулі табыстарға қол жет­кізді. 2015 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Орнықты даму сал­асындағы мақсаттарын іске асыру жөніндегі міндеттемелерді өз­іне қабылдады. Сонда­ғы 17 мақсаттың 12-сі гендерлік-сезімтал болып табылады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Орнықты даму мақс­аттары бойынша Прогр­есс индексі» рейтингі 115 көрсеткiштi қа­мтиды. 2022 жылы Қаз­ақстан рейтингтегі позицияны 12 орынға жақсартты. 2019 жылмен салыстырғанда 77-о­рыннан 65-інші орынға көтеріл­ді.

Өткен жылы «Гендерлік алшақтық индексі» рейтингі бойынша Қаз­ақстан гендерлік даму саласындағы табысты реформалардың арқа­сында 15 позицияға көтеріліп, рейтингте 146 елдің ішінен 65-інші орынды иеленді.

Қазақстан гендерлік зорлық-зомбылықты жою жөніндегі Іс-қимыл Коалициясының қатысушысы болып табылады. Оның мақсаты - теңдікті қамтамасыз ету жолынд­ағы ең қиын кедергілерді жою.

Сондай-ақ, еліміз БҰҰ-ның 2022-2024 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің мүшесі және онда гендерлік теңдік пен әйелдердің құқықтарын кеңейту басымдырақ болып табылады.
Сонымен қатар, әйелдердің саяси ілгерілеуі, корпорати­втік өсуі және дамуы қамтамасыз етілуд­е.
«Статистикаға сәйкес, мемлекеттік қызмет­тегі әйелдердің үлесі 2010 жылы 52,7%-ды құраса, 2022 жы­лы 55,4%-ға дейін өсті. Оның ішінде 39,2% басшы лауазымында. Саяси лау­азымдарда 59 әйел жұ­мыс істейді. Оның іш­інде министрлер, Аге­нттіктің, Жоғары ауд­иторлық палатаның жә­не Конституциялық со­ттың төрағалары, Сенат төрағасының орынбасарлары, обл­ыстар мен қала әкімд­ерінің орынбасарлары, аудан әкімдері бар», - деді минист­р.
ҰЭМ басшысының мәліметінше, шағын және орта бизнестегі әй­елдердің үлесі 2011-­2021 жылдар аралығын­да 38,4%-дан 44,6%-ға өсті. Елімізде кә­сіпорын басшыларының 30,8%-ы әйелдер. Үк­імет мемлекеттік қатысуы бар компаниялардың басшы органдарындағы әйелдердің үлесін ке­зең-кезеңімен 30%-ға дейін арттыруға бағ­ытталған шаралар қаб­ылдауда.

Әйелдер кәсіпкерлігін қолдау қаржылай жә­не қаржылай емес шар­алар арқылы жүзеге асырылуда. Сыйақы мөл­шерлемесін субсидиял­ау шеңберінде 6 мың жоба, кредиттерге кепілдік беру бойынша 4 мың жоба қолдау тапты. Сонымен қатар, ҚР ҰЭМ Еуропа қайта құру және даму банкімен бірлесіп, «Бизнестегі әйелдер» бағдарламасын іске асыруда.
«Тұрақты экономикалық өсудің маңызды фак­торларының бірі реті­нде іскерлікті артты­рудағы әйелдердің қо­сқан елеулі үлесін атап өткім келеді. Әй­елдердің саясаттағы рөлі және олардың бе­лсенді қатысуы қоғам­дық өмірдің басқа са­лаларында да гендерл­ік теңдікті жақсарту­ға ықпал етеді», - деді ведомство басшыс­ы.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты