Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанайда полицейлер үйлену тойында болған жанжалға қатысқан адамдарды ұстады

Қостанайда полицейлер үйлену тойында болған жанжалға қатысқан адамдарды ұстады
Фото: polisia.kz

Қостанайда полицейлер үйлену тойында болған жанжалға қатысқан адамдарды ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

1 қазанға қараған түні полицияға Қостанай мейрамханаларының бірінің жанында бірнеше адам төбелесіп жатқаны туралы хабар келіп түсті.

Шақыруға дереу келген полицейлер Қостанай қаласы ПБ Солтүстік бөліміне 6 қатысушыны жеткізді.

Іс жүргізу кезінде болған оқиғаның мән-жайы анықталды.

1 қазанға қараған түні, үйлену тойынан кейін, Қостанай мейрамханаларының бірінің жанында қонақтар арасында ауызша жанжалдың арты бірнеше ер адамның төбелесіне ұласқан. Салдарынан ер адамның бірі өзгеге пышақ салған.

Жауап алынған 56 жастағы ер адам қасақана пышақтау фактісін жоққа шығармайды. Оқиға салдарынан 27 жастағы жарақат алған адам ауруханаға жатқызылды.

Полиция ҚР ҚК-нің 106-бабы 1-бөлігі (Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) және ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі екі тергеуді бірден бастады.

Қазіргі уақытта істің мән-жайларын жан-жақты, толық анықтап жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы Қостанай облысы ПД басшылығының бақылауына алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады