Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте трансшекаралық хабтар желісін құру барысы талқыланды

Үкіметте трансшекаралық хабтар желісін құру барысы талқыланды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Орталық Азия мен Каспий өңірінде толыққанды көлік-логистикалық хаб болуға ниетті. Мемлекет басшысы осындай міндет қойды және оны іске асыру үшін еліміздің айналасында, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей Федерациясы және Каспий шекараларында көлік-логистикалық және сауда тораптары құрылуда. Осы желіні құру бойынша жұмыс барысын бақылау үшін Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин барлық мүдделі мемлекеттік органдармен, инвесторлар өкілдерімен, осы ірі жобалар іске асырылып жатқан өңірлердің әкімдіктерімен жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Каспий торабында «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын салу жобасы толық қарқынмен және белгіленген мерзімде жүріп жатыр. Терминалдың қуаты – жылына 10 млн тонна, аяқталуы – 2030 жыл. Жоба аясында қуаты 1,5 млн тонна астық терминалы, қуаты 1 млн тонна жалпы жүк терминалы, қуаты 2 млн тонна әмбебап терминал, қуаты 5,5 млн тонна сұйық жүк терминалы және көлік-логистикалық орталығы (КЛО) салынады. КЛО, астық терминалы, жерүсті инфрақұрылымы құрылысының алғашқы кезеңдері аяқталды. «Ақтау» және «Құрық» порттарында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталды.

«Semurg invest» ЖШС өкілі жалпы жүктердің терминалы жұмыс істеуге толық дайын екенін айтты: жақында алғашқы 10 вагон қабылданып, барлық қажетті теміржол салынып, кеме айлағы бар пирстер пайдалануға берілді. Мұның бәрі 2023 жылы Каспий маршрутының экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.

Серік Жұманғарин кеңесте атап өткендей, Каспий көлік торабының жобасы Мемлекет басшысының Челябинск қаласынан Иранға Қазақстан арқылы тез жүретін пойыздарға арналған теміржол магистралін салу туралы тапсырмасымен бірге қаралуы тиіс.

«Аталған магистральдің құрылысы – Еуразия кеңістігіндегі ауқымды кооперациялық жоба. Ол үшін “Бейнеу – Маңғыстау” теміржол желісінің және “Бейнеу – Шалқар” автомагистралінің учаскесіндегі “тар жерлерді" реконструкциялау қажет. Келесі кеңеске ҚТЖ Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп, “Орск-Болашақ” теміржолының және оның инфрақұрылымының құрылысы бойынша нақты ұсыныстар дайындауы қажет. Біз тауарлардың кең номенклатурасы бойынша Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қою алдында тұрмыз, біздің алдымызда Иранмен тауар айналымын $3 млрд-қа жеткізу міндеті тұр. Жеткізілетін негізгі тауарлар азық-түлік болмақ. Qaztrade сауда саясаты орталығы өз тарапынан Иранға дейін астық экспорттаушыларды қолдау тетіктерін пысықтауы қажет», — деді вице-премьер.

Қырғызстанмен шекарада орналасқан «Алатау» индустриялық сауда-логистикалық кешенін (СЛК) индустриялық аймақ ретінде іске қосу жоспарланып отыр. Жамбыл облысы әкімінің 2023 жылғы 12 қыркүйектегі қаулысымен «Алатау» өңірлік индустриялық аймағы құрылды, 36 га жер учаскесі бөлінді, инвестор ТЭН әзірлеумен айналысып жатыр. Техникамен қамтамасыз ету және құрылыс үшін коммуникацияларды тарту мәселелері шешілді.  Жақын арада кешен салу үшін инвестормен бірлесіп, басқарушы компания құрылатын болады. СЛК-ның іске қосылуы 2026 жылдың 2-тоқсанына жоспарланған.

«Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы (ТСО) ЕАЭО аумағында халықаралық экономикалық алаңға айналуға ниетті. ТСО Орал қаласының әуежайына іргелес аумақта орналасатын болады. Мұнда Орынбор, Саратов, Самараға және одан әрі Ресей Федерациясының ірі федералды округтері мен Шығыс Еуропа елдеріне шығатын жүк тасымалы үшін маңызды торап саналатын индустриалды аймақ (281 га) орналасқан. ТСО-дан басқа, агрологистикалық орталыққа (жол бойындағы қызмет көрсету және кедендік рәсімдеу нысандары бар сақтау, сауда, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы және азық-түлік логистикасы орталықтары) және авиакарго терминалына (жүк терминалы және халықаралық мультибрендтік фулфилмент-орталық) арналған аймақтар да қарастырылған. Бүгінгі таңда БҚО әкімдігі ТСО үшін индустриялық аймақтың инфрақұрылымын салу бойынша жұмыс жүргізуде. Құрылыс 2024 жылдың соңында аяқталады деп күтілуде.

Қорғас торабында Қытай және Азия-Тынық мұхиты азық-түлік нарықтарына экспорттау үшін қазақстандық және шетелдік өндірушілердің азық-түлік өнімдерін жинайтын, сақтап, әрі тарататын орынға айналатын азық-түлік хабын құру жоспарланып отыр. Бұл Қазақстан мен Қытайдың азық-түлік қауіпсіздігін айтарлықтай нығайтуға мүмкіндік береді. Қазақстанды Еуразия кеңістігіндегі қуатты көлік-логистикалық хабқа әртараптандыру аясында азық-түліктің саласының болашағы зор. Мұнда азық-түлікті, оның ішінде ерекше температуралық режимді қажет ететін тауарларды, атап айтқанда, теңіз өнімдерін, жемістер мен көкөністерді, ет-сүт және қатты мұздатылған өнімдерді сақтауға маманданған «А» деңгейіндегі заманауи азық-түлік хабын салу қажет. Қазіргі уақытта «Қорғас» ШЫХО аумағында оның құрылысы үшін ауданы кемінде 50 га жер учаскесі айқындалды.

Отырыс қорытындысы бойынша Серік Жұманғарин бес трансшекаралық хабты іске асыруға жауапты барлық органға дамудің егжей-тегжейлі тұжырымдамалары мен инфрақұрылым жүргізу жоспарларын дайындауды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді