Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді

Әлихан Смайылов Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында мұнай өндіру және тасымалдау, денсаулық сақтау және теміржол инфрақұрылымын пайдалану салаларында монополияға қарсы шараларды қабылдау мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Кеңесте кен орындарының бірінен шикізат өңдеу үшін битум зауытына жіберілетін мұнай құбыры бар жеке компанияның қызметі қаралды. Аталған бағытта осыған ұқсас басқа құбырлар болмағандықтан, мұнайды балама жолмен тасымалдау мүмкін емес. 

Соған орай компания өзінің монополиялық жағдайын пайдаланып, мұнайды осындай қашықтыққа тасымалдау үшін нарықтың басқа қатысушылары қолданып отырған тарифтен 30 есе жоғары тариф белгілеген.

Талқылау қорытындысына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға белгіленген бағалардың негізділігіне талдау жасау және ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитеті арқылы қажетті шаралар қабылдау тапсырылды.

Сондай-ақ жиында АМӨЗ және ПМХЗ-ға аутсорсинг шеңберінде көрсетілетін бірқатар сервистік қызметтерді зауыттардың өз құзыретіне қайтару мәселесі де қаралды. Атап айтқанда, ПМХЗ-да автоматика мен құбыр желілеріне техникалық қызмет көрсету, сумен жабдықтау және сантехникалық қызмет көрсету функцияларын кәсіпорынның қарамағына берудің бірінші кезеңі аяқталғаны айтылды. Қазіргі уақытта мұндай жұмыстар құрылыс-монтаждау қызметтері, электр желілері мен желдету жүйелеріне техникалық қызмет көрсету, жүк жөнелтушінің қызметтері және т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуы тиіс.

Сонымен қатар жиынға қатысушылар медициналық ұйымдарды жабдықтармен және техникамен жарақтандыру саласында жұмыс істейтін кәсіпорынды сенімгерлік басқарудан Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына беру, сондай-ақ бұрын мемлекет меншігіне қайтарылған теміржол кірме жолдарын пайдалану мәселелерін талқылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады