Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аяқ киім таңбалау: көлеңкелі тауар айналымына қарсы шаралар қабылдануда

Аяқ киім таңбалау: көлеңкелі тауар айналымына қарсы шаралар қабылдануда
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Тауарларды таңбалау және қадағалау бірыңғай операторы Алматыда өткен SHOESSTAR-Asia 16-шы халықаралық аяқ киім көрмесінде 50-ден астам жеке кеңестер өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Қыркүйектің 14-16 күндері өткен SHOESSTAR-Asia көрмесінің мақсаты – бөлшектеп сату мен көтерме сатумен айналысатын саудагерлерге іскерлік келіссөздер мен кездесулер жүргізуге, сондай-ақ өндірушілердің өнімдерінің ассортиментімен тікелей танысуға мүмкіндік беру. Көрмеге бірыңғай оператор жүйеде жұмыс істейтін немесе жұмыс істей бастаған кәсіпкерлерге таңбалау және қадағалау жүйесінің жұмысын түсіндіру мақсатында қатысты.

Көрмеге Қытай, Ресей, Өзбекстан және Еуропа елдерінен аяқ киім өндірушілері қатысты. Көрме қатысушылары Бірыңғай оператор өкілдерінен аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау тақырыбы бойынша жеке кеңестер ала алды. Жүйенің жұмысы мен мүмкіндіктері көрсетілді, атап айтқанда: таңбалау кодтарына тапсырыс беру, оларды басып шығару, жабыстыру, жүйедегі актілерді жіберу және тауарды айналымнан шығару. Бірыңғай оператор стендінде жүйеге қатысты техникалық мәселелерді жылдам шеше алатын техникалық мамандар болды.

Көрме аясында «Қазақстан Республикасындағы аяқ киімді таңбалау» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, онда аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау жүйесінің таныстырылымы өтіп, ақпараттық жүйенің функционалдығы көрсетіліп, таңбалау кодтары басып шығарылды.

Сонымен қатар, көрмеде аяқ киім өнімдерін таңбалау және қадағалау жүйесінде жұмыс істейтін 50-ден астам қатысушыларға кеңес берілді. Көрмеге қатысу нәтижесінде аяқ киім қоймалары мен кәсіпорындарында жүйенің жұмысының егжей-тегжейлі көрсетілімін алуға тілек білдірген аяқ киім кәсіпкерлерімен бірқатар жеке кездесулер мен сапарлар жоспарланған.

Естеріңізге сала кетейік, аяқ киім өнімдерін цифрлық таңбалау және қадағалау нарықтағы көлеңкелі айналымның жоғары үлесіне байланысты 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап енгізілген болатын. Ресми мәлімет бойынша, аяқ киім саудасындағы көлеңкелі экономика деңгейі 48 пайызды құрайды.

Цифрлық таңбалау жүйесі және тауарлардың қадағалануы туралы толық ақпарат алу үшін тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы бар: 8 800 080 6565.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді