Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өндірушілер мен импорттаушылар аяқ киімді сандық таңбалауға қалай дайындалуы керек

Қазақстанда аяқ киім өндірумен немесе сатумен айналысатын кәсіпкерлер 2021 жылғы 1 қарашаға дейін аяқ киімді міндетті цифрлық таңбалауға дайындалуы қажет, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ол үшін өндірушілер, импорттаушылар және бөлшек сатушы заңды тұлғаның немесе жеке кәсіпкер ЭЦҚ-ны пайдаланып, таңбалау жүйесіне тіркелуі қажет. Бұл ретте электрондық поштасының мекенжайы мен телефон нөмірі көрсетіліп, қалған барлық деректер ЭЦҚ-мен жасалады. Мына сілтеме бойынша тіркелу керек: https://elk.prod.markirovka.ismet.kz

Өндіруші және импорттаушыда GTIN (қаптаманың штрих-коды) бар болса, жүйеде жұмысты бастай алады. "Тауарлардың ұлттық каталогы" бөліміне кіріп, "Субаккаунт" бөліміндегі профиль өлшемдерінегі өндіруші туралы деректерді толтырады және тауарды "Тұтынушылық қаптама" бөлімінде тіркей алады. Ал егер GTIN болмаса, олар GS1 Kazakhstan қауымдастығына кіруі керек. Мұны жүйенің өзінде "GS1-мен өзара әрекеттесу" қосымшасында жасауға болады. Содан кейін өнім туралы мәліметтер Ұлттық каталогта толтырылады.

Қазірдің өзінде "Тапсырыстарды басқару станциясы" бөлімінде тауардың әр данасына таңбалау кодтарына тапсырыс беруге. Оларды PDF немесе CSV форматында түсіріп, кез келген принтерде басып шығаруға және қорапқа, аяқ киімге немесе тауар белгісіне қолдануға болады.

Өндірушілер аяқ киімді сатуға шығарғанға дейін өндірісте, импорттаушылар – дайындаушы зауытта немесе ҚР кеден қоймаларында таңбалайды.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың 1 қарашасынан бастап Қазақстанда таңбаланбаған аяқ киім өндіруге және импорттауға тыйым салынады. Ондай аяқ киім қалдықтарын 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін сатуға болады, содан кейін сөрелерде тек цифрландырылған аяқ киім болуы тиіс.

Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда тауарларды таңбалау жөніндегі тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына: 8 800 080 65 65 нөмірімен  хабарласуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді