Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жаңа Бюджет кодексінде бюджеттік процеске қатысушылардың ашықтығы мен есептілігі күшейтілді – Ә. Қуантыров

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында жаңа Бюджет кодексінің жобасы қаралды. Тақырып бойынша ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

«Сіздердің қарауларыңызға жаңа редакциядағы Бюджет кодексінің жобасы және оған ілеспе заңның жобасы енгізіліп отыр. Бюджет кодексін әзірлеуге кіріспес бұрын біз қолданыстағы кодекске бағалау жүргіздік. Бұл Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына кіру шарттарының бірі», — деді Әлібек Қуантыров.

Ұлттық экономика министрінің айтуынша, халықаралық валюта қорының сарапшылары қолданыстағы Бюджет кодексіне «жоғары деңгей» деген баға берді. Сондықтан қолданыстағы кодекспен сабақтастықты сақтай отырып, заманауи талаптар ескерілген. Сондай-ақ соңғы жылдардағы реформалар мен үрдістердің барлығы, Президент пен оның Әкімшілігінің тапсырмалары талданып, құрылымдалды, халықаралық тәжірибе қаралып, халықаралық ұйымдардың, Жоғары аудиторлық палатаның, сарапшылар қоғамдастығының ұсыныстары ескерілді. Бұл ретте қолданыстағы кодекстің фрагменттік ережелері құрылымдалып, нақтылаушы нормалар заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер деңгейіне түсірілді, құжат негіздемелік және икемді болды.

Ә. Қуантыров Бюджет кодексін әзірлеу барысында бірнеше маңызды міндет болғанын айтты. Қазіргі кезде бюджетті жоспарлау ақпан-наурыз айларында басталып, 30 желтоқсанда аяқталады, 9-10 айға созылады. 

Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын жеңілдеткен түрде қалыптастырғаннан кейін 3 жылға 1 рет тұрақты базалық лимиттерді белгілеуді ескере отырып, бюджет процесі 1 маусымда басталатын болады – қазір 15 наурызда басталады. Шығыстар лимиттері 7 маусымға дейін жеткізіледі. Тиісінше бюджеттік бағдармалар әкімшілерінің бюджеттік сұрау салуды ұсыну мерзімі  қолданыстағы 15 мамырға дейінгі мерзімнің орнына – шығыстар лимиттері жеткізілген күннен бастап 10 жұмыс күні ішіне ауысады.

Үкімет пен Парламентке республикалық бюджет туралы заң жобасын енгізу мерзімі өзгеріссіз – 15 тамыз және тиісінше 1 қыркүйек болып қалады. Жергілікті бюджеттер бойынша да дәл солай. 

Блоктық бюджеттеу бюджеттік рәсімдерді оңайлату, бюджеттің икемділігін күшейту және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері  дербестігін арттыру аясында енгізіледі.

Бірінші. Бұл бюджеттік процедураларды оңтайландыру. Жеке екі құжат – бюджеттік бағдарлама мен бюджеттік өтінім біріктірілмек. Енді бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік сұрау деген құжатты қалыптастырады. Онда мемлекеттік орган туралы ақпарат ашылады, бюджеттік бағдарламаның паспорты, есептері жасалады және бір пакетпен уәкілетті органдарға енгізіледі. Бюджеттік бағдарлама келісілмейді және бекітілмейді, оған бюджеттік бағдарламаның басшысы, оның ішінде электрондық форматта қол қояды. Бұл оны құрастыру сапасына жауапкершілікті күшейтеді.

Екінші. Тұрақты сипаттағы базалық шығыстар блогын 3 жылға белгілеуін ұсынылады. Мұнда әкімшілердің ағымдағы әкімшілік шығыстары және жеке тізбе бойынша басқа да жыл сайынғы тұрақты шығыстар болады. Тізбені бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган – Қаржы министрлігі қалыптастырады. Бұл шығыстар өзгермейтін болса, жыл сайын егжей-тегжейлі қарастырылмайды.

Базалық шығыстар бюджеттің жалпы көлемінің шамамен 50-60%-ын құрайтынын ескере отырып, бұл бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің де, уәкілетті органдардың да жұмысын азайтады.

Үшінші. Блоктық бюджет бюджетті жоспарлау және орындау процестерінің ішіндегі мемлекеттік органдардың дербестігі мен икемділігін арттыруды көздейді. Ол үшін стратегиялық мақсаттың айналысында бюджеттік бағдарламаларды ұлғайту орынды болып көрінеді. Бір мақсатқа арналған екінші, үшінші бюджеттік бағдарламаны ашуға тыйым салатын тікелей норма енгізіледі. Бұл жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін бюджет қаражатын басқаруда икемділік пен дербестік береді. Бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу көлемін түзету жолымен 10%-дан 15%-ға дейін ұлғайтуды ескере отырып, бюджет процесін жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Әрі қарай ұлттық экономика министрі бюджеттік қаражатты толық пайдалануға қатысты сөйледі. Биыл орындалмайтын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша 1 желтоқсанға дейін шығыстар пулын айқындау ұсынылады. Осы тізбе бойынша шығыстар бюджетті түзетусіз жаңа қаржы жылы басталғаннан кейін бірден жыл басындағы қалдықтар есебінен жүргізілу ұсынылады. Жергілікті деңгейде де осыған ұқсас тетікті қолдану ұсынылады.

Мәселелердің екінші маңызды блогы – бюджет саясатының негіздері туралы.

Жаңа Бюджет кодексінде «Мемлекеттік қаржыны басқару» атты жаңа бөлім пайда болды. Бюджет саясатына, мемлекеттік қаржыға, мемлекеттік қаржының тұрақтылығына анықтама берілді, уәкілетті орган айқындалды. Бұл бөлім мемлекеттік қаржының жағдайын талдау және салық-бюджет саясатын айқындау үшін негіз жасайды. Мемлекет қаржысын басқару құралдары көзделген, бұл, ең алдымен, бюджеттік қағидалар және олардың сақталуы.

Қарыз алу бойынша барлық борыштық міндеттемелерді – мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты, экспортты қолдау бойынша кепілдіктерді, мемлекеттік жеке әріптестік бойынша міндеттемелерді, кепілгерліктерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борышын шоғырландыру қамтамасыз етілді. Бұл оларды есепке алу және басқару үшін жасалады.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің өздеріне бюджеттен бөлінген қаражатты басқарудағы қызметінің ашықтығы мен есептілігі үшін олардың бюджеттік процеске қатысуы жөніндегі нормалар блогы енгізіледі. Олар жоспарлау кезеңінде де, орындау және есеп беру кезеңінде де қолданылмақ. Олардың борышы шоғырландырылды, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің борыш бойынша ұғым, құрылымы, шектеулері, мониторинг және бақылауы анықталды.

Жалпы жаңа Бюджет кодексінде бюджеттік процеске қатысушылардың ашықтығы мен есептілігі күшейтілді. Есептіліктің негізгі критерийі жүргізілетін жұмыстың сапасы мен қызмет нәтижелері үшін жауапкершілік болып табылады.

Бюджеттік процеске қатысушылардың есептілігі бюджет жобасын және оның орындалуы туралы есепті қорғау кезінде өкілді органдарда лауазымды адамдарды тыңдау, құжаттарды жариялау және талқылау, мемлекеттік аудит жүргізу, лауазымды адамдардың жауапкершілігін белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Квазимемлекеттік сектор субъектілері үшін өз қарыздары туралы ақпаратты жариялау міндеті көзделген және қарыз қаражатын пайдаланғаны үшін жауапкершілік күшейтілген.

Мемлекеттік қаржыны басқару бөліміне Ұлттық қор және бюджеттен тыс қорлар бойынша бөлімдер енгізілген. Ұлттық қордан тек сыни инфрақұрылымға берілетін нысаналы трансфертті пайдалануға шектеу енгізілді, тиісті критерийлер қосылды. Аса маңызды объектілерге жұмыс орындары мен қосымша салықтар беретін зауыт сияқты құрылыс немесе тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым жатады.

Жалпыелдік жобаларға бір мезгілде бірнеше облыстың аумағында бірдей объектілер салатын «Жайлы мектептер» жобасы сияқтылар жатады. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы бойынша ережелер жеке баппен енгізілген. Мемлекеттік қаржыны басқарудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес бұл балаларға 18 жасқа толғанға дейін жыл сайын есептелетін нысаналы талаптар болады. Ұлттық қордан алып қою көлемі нысаналы талаптар көлемімен шектелген.

Келесі сұрақтар блогы – бюджетаралық қатынастар. Жергілікті бюджеттердің шығыстарын жоспарлау сапасын арттыру бойынша мыналар ұсынылады:

1. Әкімнің қызметін анықтайтын бір құжат – өңірді дамыту жоспарын анықтауды белгілеу ұсынылады. Осы құжат негізінде бюджет қаражаты бөлінуі қажет. Оның құрамында бюджетті жоспарлау және өңірді дамыту үшін іргетас болатын инвестициялық жоспар әзірленетін болады. Мұндағы басты мәселе – ол барлық мемлекеттік органда бар деректердің негізінде елді мекендер бөлінісінде проблемалық және басым аймақтарды көрсететін болады. Енді қаражатты бөлу кезінде оны қайда және неге бағыттау керек екені көрініп тұратын құжат болады. Бұл индикаторларға байланыстырылған іс-шараларға дейін жазылады.

2. 2026 жылдан бастап базалық инфрақұрылым нормативтері  негізінде даму жоспарын қалыптастыру ұсынылады.

3. Нысаналы даму трансферттері тек аса маңызды инфрақұрылымды және жалпы елдік маңызы бар жобаларды қаржыландыруға бағытталатын болады.

4. Жалпы сипаттағы трансферттерді жоспарлау тәртібі нақтыланады. Бұрын нысаналы трансферттермен қаржыландырылған шығыстардың нысаналы мақсатын жоғалтпау үшін жалпы сипаттағы трансферттер құрамында нысаналы субвенциялар бөлінбек. Оларды салалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісі Қаржы министірлігімен бірлесіп, толығымен жоспарлайтын болады.

5. Ұсынылып отырған тағы бір шара – жергілікті атқарушы органның республикалық қаражатты, оның ішінде жалпы сипаттағы трансферттер түрінде бөлінетін қаражатты пайдалануына мониторингті күшейту, оның ішінде тексеру комиссияларын күшейту. Олар жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп аясында нысаналы индикаторларға қол жеткізуді бағалау үшін мониторинг қорытындыларын қарайтын болады. Жаңа Бюджет кодексінде барлық бюджет процесіне жалпы талаптар пайда болды. 

Осылайша, нәтижеге бағдарланған бюджеттің қағидаттарын күшейтуге бағытталған «Қазақстан Республикасының  бюджеттеу негіздері» атты жаңа бөлім пайда болды. Нәтижеге бағдарланған бюджеттің әрбір теңгесі нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттары, атап айтқанда, мемлекеттік органдардың/ өңірлердің/ квазимемлекеттік сектордың даму жоспарлары бюджеттеу үшін негіз болып табылады деген тұжырымды белгіленді.

«Бюджеттік ақпараттың ашықтығы және халық алдында есеп беру нәтижеге бағдарланған бюджетке көшудің тағы бір шарты болып табылады. Сондықтан біз қолданыстағы кодекстің ережелері мен жаңа нормаларды “Есеп беру және транспаренттілік” деген жеке тарауға құрылымдадық. Біз есептілік пен транспаренттілікті бюджет құжаттамасын жариялау арқылы іске асырамыз», — деді ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров. 

Жауапкершілік бойынша лауазымды адамдар мен бюджет процесіне қатысушылардың жауапкершілік аймағының аражігі ажыратылды. Мұның бәрі біз жеке баптармен шығарылды. Енді жариялануға жататын барлық құжаттың тізбесін және бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершіліктің барлық түрін тиісті баптардан көруге болады.

«Нәтижелерді басқару» – тағы да бір жаңа тарау. Бұл – бюджет процесінде және басқарушылық шешімдерді қабылдауда қолдануға арналған құралдар жиынтығы. Бұған  шығыстарға шолу жүргізу, мониторинг жүргізу, нәтижелерді бағалау бойынша анықтамалар, талаптар, құжаттардың түрлері және жауапкершілік, сондай-ақ бюджеттеу тұрғысынан мемлекеттік аудиттің рөлі кіреді.

Ұлттық экономика министрі ілеспе заң жобасына қатысты қысқаша айтып өтті. Бюджет кодексінің жаңа редакциясына сәйкес келтіру үшін түзетулер енгізілді. Барлығы 26 заң өзгертуге жатады. Түзетулердің жеке блогы мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін біріздендіруге қатысты. Концессия да мемлекеттік жеке әріптестіктің бір түрі болғандықтан, концессиялық жобаларды жоспарлау және іске асыру «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» заңмен реттелетін болады, ал «Концессиялар туралы» заңның күші жойылатын болады. 

«Жалпы жаңа Бюджет кодексін іске асыру үшін 200-ден астам нормативтік құқықтық актілер қабылданатын болады. Құжат нормаларын іс жүзінде тиімді қолдану үшін нәтижелерді бағалауды жүргізетін уәкілетті органдардың жұмысын қайта құру қажет. Ең төмен стандарттардың нормативтік негізін әзірлеу міндеті тұр», — деді Әлібек Қуантыров.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді