Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Зейнетақы мен жәрдемақыны қайта индекстеу қашанға жоспарланған? Министр жауабы

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров республикалық бюджетке енгізілген түзетулерде зейнетақы мен кейбір жәрдемақыларды индекстеу жоспарланғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистер министрден доллардың өсуі мен инфляцияның жоғары деңгейін ескере отырып, зейнетақы мен жәрдемақыны қайта индекстеу қалай және қашан жоспарланғанын сұрады.

"Негізінен, зейнетақылар мен кейбір жәрдемақыға қатысты. Шамамен, 9 пайызға. Бюджет қашан нақтыланады деген мәселеде Мәжіліс пен Сенаттан өтеміз, Президент "Республикалық бюджет туралы" заңға қол қояды. Әрі қарай іске асыру туралы шешім қабылданады. Шамамен, маусым-шілдеде", - деді Қуантыров.

Еске салайық, зейнетақы мен жәрдемақыларды индекстеу жыл басында да жүргізілген болатын. Алайда теңгенің құнсыздануы мен азық-түлік бағасының көтерілуін ескере отырып, наурыздың басында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов қайта индексациялау мүмкіндігін жоққа шығармаған еді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді