Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ауылдық аумақтарды дамыту үшін жеке инвестицияларды тарту жұмысын жеделдету қажет – Әлихан Смайылов

Ауылдық аумақтарды дамыту үшін жеке инвестицияларды тарту жұмысын жеделдету қажет – Әлихан Смайылов
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға қатысты мәселелер қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәлімдегендей, 6295 ауылдық елді мекеннің ішінде ауыл тұрғындарының 93%-ын құрайтын даму әлеуеті жоғары 3,5 мың ауыл анықталды, оларды дамыту «Ауыл – Ел бесігі» жобасы шеңберінде басым бағыт ретінде жүзеге асырылып келеді. Биыл оны жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 198,2 млрд теңге бөлінді.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасын жүзеге асыруға бөлінген қаржының игерілуі туралы Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов, Ұлытау ауданының әкімі Берік Әбдіғалиұлы баяндады.

Үкімет басшысы 2019-2022 жылдары әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бойынша мыңнан астам ауылда 3,7 мыңнан астам жоба іске асырылғанын, сондай-ақ 33 мың жұмыс орны құрылғанын атап өтті. Биыл 800 елді мекенде шамамен 2 мың жоба жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар «Ауыл – Ел бесігі» шеңберінде салынған объектілерді пайдалануға беру мерзімдерінің бұзылуы әлі де өзекті мәселе болып отыр. Премьер-Министр бюджет қаражатын тиімсіз жоспарлау және пайдалану, тендерлерді уақытында өткізбеу, тиісті бақылаудың болмауы объектілерді енгізу мерзімдерінің бұзылуына әкелетінін атап өтті.

«Өңірлерде қаражатты тиімді пайдалану өте маңызды. Бір ауданда бірнеше жоба іске асырылып, басқа ауданда бірде-бір жоба жүзеге асырылмайтын жағдайлар болмауы керек», — деді Әлихан Смайылов.

Ол сондай-ақ Ауылдық аумақтарды дамытудың 2027 жылға дейінгі тұжырымдамасы шеңберінде «Ауыл – Ел бесігі» жобасы ауыл инфрақұрылымын жаңғырту бойынша негізгі құралдардың бірі болып белгіленгенін атап өтті.

Отырысты қорытындылай келе, Үкімет басшысы «Ауыл – Ел бесігі» жобаларын сапалы және уақытында іске асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ оларды барынша қаржыландыру мәселесін пысықтау қажеттігін атап өтті. Ол ауылдық аумақтарды дамыту үшін жеке инвестицияларды тарту жұмысын жеделдетуді тапсырды. Ұлттық экономика министрлігі мен мүдделі мемлекеттік органдардың және облыс әкімдіктерінің алдына Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету міндетін қойды. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді