Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте сатушы әйелді ұрып, дүкен тонаған күдікті көңіл көтеру орнынан ұсталды

Шымкентте сатушы әйелді ұрып, дүкен тонаған күдікті көңіл көтеру орнынан ұсталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте сатушы әйелді ұрып, дүкен тонаған күдікті көңіл көтеру орнынан ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бас киімін төмен түсіріп киген күдікті түн ортасында азық-түлік дүкеніне сатып алушының кейпінде кірген. Сауда нүктесінде сатушының жалғыз екеніне көз жеткізгеннен кейін ер адам оған шабуыл жасаған. Қорғансыз әйелді жерге құлатып, бірнеше рет соққыға жыққан соң кассадағы 50 мың теңгені алып, “ізін суытқан”.

Жәбірленуші бұл туралы полицияға хабарлады. Оқиға орнына дереу Әл-Фараби АПБ-ның жедел-тергеу тобы барды.

Қызметкерлер куәгер болуы мүмкін азаматтармен сөйлесіп, бейнебақылау камераларының жазбаларын тексерген соң күдіктінің жүрген жерін анықтады. Нәтижесінде, ер адам “ізін суытпай” бірнеше сағаттың ішінде тамақтану мекемесінде ұсталды. Белгілі болғандай, Түркістан облысының 26 жастағы тұрғыны тапқан олжасын бірден көңіл көтеруге жұмсаған.

Полицейлер зорлық-зомбылықпен тонау жайтын ҚР Қылмыстық кодексінің 191-бабы 2-бөлігі бойынша тергеп жатыр.

Ұсталған адам полиция департаментінің УҰИ-ға қамауға алынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды