Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте адам өліміне күдікті азамат “ізін суытпай” қолға түсті

Шымкентте адам өліміне күдікті азамат “ізін суытпай” қолға түсті
Фото: pixabay.com

Шымкентте адам өліміне күдікті азамат “ізін суытпай” қолға түсті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

12 қыркүйек күні сағат 12:30 шамасында полицияның “102” арнасына көпқабатты үйдің кіреберісінде жергілікті тұрғынды соққыға жыққаны туралы хабарлама келді.

Шақырту түскен мекенжайға Тұран ауданының полицейлері мен жедел жәрдем барды. Медицина қызметкерлері 35 жастағы азаматтың қайтыс болғанын мәлімдеді. Жедел тергеу тобы жәбірленушіні оның бірге тұратын әйелінің бұрынғы сүйіктісі қызғаныш үстінде ұрып-соққанын анықтады. Қарсыласының есінен танып қалғанын байқаған қаскүнем дереу оқиға орнынан қашып кеткен.

Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктінің сырт келбеті мен жеке деректері көрсетілген бағдарды алып, оны шұғыл іздеуге кірісті. Жедел уәкіл Арман Арипжанов қылмыскерлерді іздестіру бойынша өзінің тәжірибесіне сүйене отырып, қашып кеткен адам бірінші кезекте жеке заттары мен құжаттарын алу үшін үйіне барады деп болжады.

Күдіктінің Түркістан облысы Ленгер қаласының тұрғыны екендігі және оның автокөлігінің жоқтығын білген жедел уәкіл бірден такси жүргізушілерінің тұрағына барды. Жүргізушілердің бірі іздеудегі ер адам ұқсас тұлға жаңа ғана Alphard-қа мініп кеткенін хабарлады. Полиция қызметкері дереу оның ізіне түсіп, көлікті Тоғыс елді-мекенінде тоқтатып, ер адамды ұстады.

Ұсталған адам полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 106-бабы 3-бөлігі (Аайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті