Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада үйдің кіреберісінде кейуанаға шабуыл жасаған рецидивист қолға түсті

Елордада үйдің кіреберісінде кейуанаға шабуыл жасаған рецидивист қолға түсті
Фото: polisia.kz

Елордада рецидивист үйдің кіреберісінде 86 жастағы әжеге шабуыл жасаған, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Күдікті зейнеткердің азық-түлік салынған сөмкесі мен әмиянын тартып алған. Бұл шабуыл күндіз Жұбанов көшесіндегі үйдің кіреберісінде орын алды. Түскі уақытта дүкеннен қайтып келе жатқан әжейдің ізіне түскен ер адам, оның артынан кіре беріске дейін келген. Әже ешқандай сезіксіз баспалдақпен ақырын көтеріле берген. Ер адамның аңдып келе жатқан сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Ол әрі қарай әжейдің артынан көтеріліп, бірнеше секундтан соң пакетпен жүгіріп шыққан.

Қорыққан әже көршісінің есігін қағып, полиция шақыруын өтінген.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын өткізген криминалдық полиция қызметкерлері 29 жастағы азаматтың “ізін суытпай” қолға түсірді. Ол бұрын бірнеше рет істі болғаны белгілі болды. Күдіктінің олжасы азық-түлік пен ішінде 6 мың теңгесі бар әмиян болды, – дейді Байқоңыр ауданы криминалдық полиция бөлімінің бастығы Мадияр Омаров.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады