Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қостанай облысында ҰҚҚКБ қызметкерлері өңірге есірткі жеткізудің жолын кесті

Қостанай облысында ҰҚҚКБ қызметкерлері өңірге есірткі жеткізудің жолын кесті
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында ҰҚҚКБ қызметкерлері өңірге есірткі жеткізудің жолын кесті, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысында полиция қызметкерлері облыстың бірнеше өңірінде есірткі сатушыларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізді. Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 6 күдіктіні ұстады. Оның бесеуі уақытша ұстау изольяторына қамалды. Операция бір мезгілде Рудный, Лисаков қалаларында және Қостанай ауданында өтті.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Серік Байгоновтың айтуынша, полиция қызметкерлері санкцияланған тінту жүргізу барысында заңсыз айналымнан өсімдік тектес есірткі заттары, ақша қаражаты, оның ішінде шетел валютасы, темекі шегетін түтіктер тәркіленді.

Осы дерек бойынша полиция ҚР ҚК-нің 297-бабының 3-бөлімінде көзделген (Есірткі заттарын, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу және сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді. Тергеу барысында күдіктілердің облыстың қалалары мен аудандарының аумағында есірткі сатқаны, олардың жұмысы үйлестірілгені анықталды.

Қазіргі уақытта сараптамалар тағайындалып, қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды