Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда 40 электр самокат жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Талдықорғанда 40 электр самокат жүргізушілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: polisia.kz

Талдықорғанда 40 электр самокат жүргізушілері заң бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Талдықорған қаласында электр самокаттарының жүргізушілері арасында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Тәртіп сақшылары бірнеше сағат ішінде 40 самокат жүргізушілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырды.

Құқық бұзушылар жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрiсi қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктердi тасымалдау, қауiпсiздiк белдіктерiн немесе мотошлемдердi пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамаубойынша 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Сондай-ақ, жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 620-бабы (Жол жүрісіне қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзу) бойынша ескерту немесе 3 АЕК көлемінде айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды.

– “Жаяу жүргінші ” жедел-профилактикалық іс-шарасының аясында біз электр самокаттарының жүргізушілері арасында заң бұзушылықтарды анықтау бойынша жұмысты күшейттік. Бірнеше сағат ішінде қалада 40 скутер мен самокат жүргізушілері ұсталынып, жазаланды, – деді Талдықорған қаласының ПБ ППР командирі Руслан Примжанов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты