Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда полицейлер қылмыстық топтан кокаин тәркіледі

Алматыда полицейлер қылмыстық топтан кокаин тәркіледі
Фото: polisia.kz

Алматыда полицейлердің арнайы іс-шарасы кезінде қылмыстық топтан кокаин тәркіленді, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қалалық прокуратураның үйлестіруімен ұзақ уақыт бойы элиталық кокаин есірткісін сатумен айналысып келген қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті.

Кешенді жедел іс-шаралар барысында күдіктілердің қылмыстық әрекеттері анықталды.
Олардың ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатыстылығы туралы айғақтар табылды.

Топ мүшелерін ұстау кезінде кокаин есірткі заты тәркіленді. Полицияға барлығы 5 адам жеткізіліп, оның екеуі қылмыстық топтың негізгі ұйымдастырушысы және белсенді қатысушысы екені белгілі болды. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚК-НІҢ 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-НІҢ 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді