Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында полицейлер мен еріктілер жоғалып кеткен апалы-сіңліні іздеп тапты

Абай облысында полицейлер мен еріктілер жоғалып кеткен апалы-сіңліні іздеп тапты
Фото: polisia.kz

Абай облысында полицейлер мен еріктілер жоғалып кеткен апалы-сіңліні іздеп тапты, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

30 тамыз күні сағат 19:00-де полицияға облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны хабарласып, үйдің ауласында бірге ойнап жүрген 10 және 8 жас аралығындағы балалары жоғалып кеткенін хабарлайды.

“Дабыл” сигналы бойынша қыздарды іздеуге Абай облысы полиция департаментінің барлық жеке құрамы жұмылдырылған.

Полицейлерге “volontery_semey_lider.kz” еріктілері, қыздардың оқытушылары, сондай-ақ әлеуметтік желілерде болған оқиға туралы құлақтанып, оған бей-жай қарамайтын азаматтар қосылған. Балалардың орналасқан жерлерінің барлық нұсқалары пысықталды.

Тәртіп сақшылары еріктілермен бірге жақын маңдағы аудандар мен жеке сектор көшелерін қарады.

Сағат 22:30-да еріктілермен азаматтар байланысқа шығып, апалы-сіңліні басқа ауданнан байқап қалғандарын айтып, олардың орналасқан жерлері туралы хабарлайды. Бірлескен жұмыстың арқасында қыздар үйлеріне аман-есен оралды.

Абай облысы полиция департаменті барлық бей-жай қарамаған азаматтарға, әсіресе еріктілерге үлкен алғысын білдіреді.

– Бірлескен күш-жігердің арқасында біз балаларды тірі және аман-есен таба алдық. Бұл, әрине, үлкен бақыт. Мен ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды сұрағым келеді, себебі орны толмас жағдай орын алуы да мүмкін. Балалардың қауіпсіздігі – бұл әрбір ересек адамның міндеті және оған күн сайын жауапкершілікпен қарау керек, – деп атап өтті ПД бастығының бірінші орынбасары Берік Амангелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді