Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Отандық кәсіпорындар өндіріске жапониялық бизнес-модельді енгізіп жатыр

Отандық кәсіпорындар өндіріске жапониялық бизнес-модельді енгізіп жатыр
Фото: ҚР ИИДМ

QazIndustry қазақстандық индустрия және экспорт орталығы алматылық тігін фабрикасына өндіріске үнемді технология элементтерін енгізуге жұмсалған шығындарының 40%-ын өтеп берді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Компанияның мәліметіне сүйенсек, бұл өндірістік кемшіліктерді азайтып, тұрақты жұмыс процесін қамтамасыз етіп, еңбек өнімділігін 12%-ға арттыруға жол ашты.

Аталған кәсіпорында арнайы киімнің 100-ден астам түрі шығарылады. 

«QazIndustry бізге үнемді өндіріс элементтерін енгізуге жұмсалған шығындардың 40%-ын өтеуге қолғабыс етті. Жапониялық Kaizen философиясын арнайы киім шығаратын цехқа енгіздік. Осы арқылы біздің қызметкерлер білімдерін жетілдіріп, пайдалы дағдыларға ие болды. Бұл өндірістің тұрақтылығы мен жүйелілігін сақтауға көмектесіп, еңбек өнімділігін12 арттыруға оң әсерін тигізді. Біз мемлекеттің өнеркәсіп кәсіпорындарына жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанына қуаныштымыз», деді компания басшысы Әділжан Тұрғанов.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы қаңтар-шілде айларында QazIndustry отандық кәсіпорындарға 186,4 млн теңге көлемінде өндіріс шығындарын өтеуге жәрдемдесті. Атап айтқанда, 184 млн теңге кәсіпорындардың еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған шығындарының бір бөлігін өтеуге қатысты болса, 2,4 млн теңге отандық тауарларды ішкі нарыққа ілгерілетуге бағытталды. Аталған кезеңде QazIndustry-ге өнеркәсіп кәсіпорындарынан барлығы 236 өтініш келіп түскен. 

Мемлекеттік  ынталандыру шаралары туралы толық ақпаратты QazIndustry-дің ресми сайтынан (qazindustry.gov.kz) білуге болады. Сондай-ақ кәсіпорындардың шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша кеңес алғысы келетіндер үшін QazIndustry бейсенбі күндері ашық есік күндерін өткізеді.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады