Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өскеменде спиртті заңсыз жеткізумен айналысқан адамдар тобы құрықталды

Өскеменде спиртті заңсыз жеткізумен айналысқан адамдар тобы құрықталды
Фото: polisia.kz

Өскеменде спиртті заңсыз жеткізумен айналысқан адамдар тобы құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 тамыз күні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ШҚО ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері ШҚО аумағында және одан тыс жерлерде спиртті аса ірі мөлшерде заңсыз жеткізумен және оны сатумен айналысатын адамдар тобына қатысты жедел ақпарат алған.

Ақпарат тексеру барысында расталған. Қала көшелерінің біріндегі өндірістік үй-жайда ШҚО ПД ҰҚҚКБ жедел уәкілдері ШҚО ПД ОЖВ арнайы бөлімшесімен бірлесіп 24 және 29 жастағы төрт ер адамды ұстаған.

Аталған қоймаларда көлемі 1000 литр болатын 10 пластик ыдыс, ерекше иісі бар мөлдір түсті зат құйылған көлемі 30 литр болатын үш пластик канистр және көлемі 20 литр ұқсас зат құйылған екі пластик канистр, сондай-ақ спирт өндіруге арналған екі электр насос табылып, тәркіленді. Өндіріс бөлмесінде алынған спирттің жалпы көлемі шамамен 4 мың литрді құраған.

Әрі қарай жедел іс-шараларды өткізу барысында қаладағы ЖҚС-ның бірінің тұрағында Volvo жүк машинасы табылды. Аталған көлікпен көрсетілген өндірістік базаның аумағына спиртті тасымалдап отырған.

Автокөлікті тексеру барысында көлемі 1000 литр болатын тағы 11 пластик ыдыс табылып, тәркіленді, оның жетеуінде ерекше иісі бар мөлдір түсті зат болған және төртеуі бос болған.
Алынған спирттің жалпы көлемі – 11 мың литр.

Аталған факті бойынша тиісті сараптама тағайындалып, ҚР ҚК-нің 214-бабы 1-бөлігі (Заңсыз кәсіпкерлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты