Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Петропавл полицейлері акцизделмеген 500 литр алкогольдік өнімді тәркіледі

Петропавл полицейлері акцизделмеген 500 литр алкогольдік өнімді тәркіледі
Фото: polisia.kz

Петропавл полицейлері акцизделмеген 500 литр алкогольдік өнімді тәркіледі, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

СҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне Петропавл қаласындағы Жас өркен ықшам ауданында орналасқан гараж кооперативтерінің бірінде акцизделмеген алкогольдік өнім сақталуы мүмкін екені туралы жедел ақпарат келіп түсті.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ҰҚҚКБ қызметкерлері облыстың 19 жастағы тұрғыны анықталды. Оның көлікжайынан көлемі 0,5 литрден болатын акцизделмеген 1000 бөтелке арақ тәркіленіп алынды. Тәркіленген өнімнің жалпы көлемі 500 литрді құрады.

Аталған дерек Петропавл қаласы полиция басқармасының ақпаратты есепке алу кітабына тіркелді. Учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабының 1-бөлігі (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша әкімшілік материал жиналды.

Қазіргі уақытта тәркіленген сұйықтық сараптамаға жіберілді. Көлікжай иесінің айтуынша, алкогольді сату үшін сақтаған.

– Жыл басынан бөлініс қызметкерлері заңсыз айналымнан 5144 литр заңсыз алкогольдік өнімді тәркіледі. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр, – деп мәлімдеді СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Рахат Нұрахметов.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды