Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Роза Рымбаева концертіне бөлінген қаражат төңірегіндегі шуға пікір білдірді

Роза Рымбаева концертіне қарастырылған миллиондаған қаржыға қатысты пікір білдірді. Өнер иесі бөлінетін қаражаттың барлығы өз қалтасына кетпейтінін түсіндірді. Сөзінше, ол ақшаның өз есебі бар. Әртіс концертке әкімдік бөлген сомадан бөлек өз қалтасынан да қомақты ақша шығаратынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасаған kazlenta.kz

Роза Рымбаева "Менің өмірім" бағдарламасында ел ішінде қызу талқыланған жайтқа түсініктеме беріп, көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап берді.

"Мен әкімшілікке қарайтын әншімін, ресми жұмысым сол. Сондықтан біздің концерттік бағдарламаның бірінші қолдаушысы – әкімдік. Біраз әңгіме болды. Бірақ әлі де жыл аяғына дейін уақыт бар. Болса болады, болмаса ол - мен үшін емес, көрерменге керек. Мен өз орнымды баяғыда алған әншімін деп ойлаймын. Бір залдың жалға алу құны, декорациясы, жарық, контент - қаншаға шығатынын білмейсіз. Оған қоса дирижердің жұмысы, оркестрдің дайындығы, орындалатын шығармалардың авторлары, балет, оның дайындығы, костюмі, қойылымы, режиссерлердің жұмысы бар. Залда - бір режиссер, телевизияда - бір режиссер болады. Әр әнге контент қоясың. Соның бәрін есептеген кезде бөлінетін соманың жартысы автоматты түрде кетіп қалады.

Ал қалған ақша режиссер, балет, партитура және т.б. қызметтердің ақысына төленеді.  Одан Рымбаева тіпті бір көйлекке ақша тапса, бұйырмасын. Керісінше, жылда беріп жүрміз ғой. Мен үстінен 20-30 мың доллар өз қалтамнан қосамын. Жетпей жатады. Тұңғыш концерт болғандықтан, Әлидің концертіне де өз қалтамнан ақша қостым. Оны ел алды да үдетіп жіберді. Сол ақшаның бәрі менің қалтама кетіп жатқандай. Ол менің қалтама түспейді. Әкімдіктің өз шоттары бар. Әр дирижермен, басқа да қызметкерлермен өздері есептеседі. Менің бірінші жұмысым - әнді дұрыстап айту. Дайындыққа көп күш кетіп қалады. Көрермендер оны білмей жатады. Олар концерттің бар ақшасын Рымбаева қалтасына салды деп ойлайды. Ақшаның бәрі менде деп ойлайды. Жоқ ақшаның маған тіпті қатысы жоқ. Көрермен дұрыс түсінбей жатыр", - деді әртіс.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты