Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Испанияда орман өртінің салдарынан 8 ауылдың тұрғындары көшірілді

Испанияның Сарагоса провинциясында орман өртіне байланысты 8 ауылдың халқы – 1 500 адам эвакуацияланды. 300-ден астам өрт сөндіруші жалынның ірі елді мекендерде таралмауына жол бермеуге тырысып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат-қа сілтеме жасаған kazlenta.kz.


Өрт сенбіде басталып, бір тәулікке жетер-жетпес уақыт ішінде 200 шаршы шақырымға жуық аумақты шарпыды. Бұған 60 км/сағ жылдамдығымен соққан жел әсер еткен.


Ал, Португалияда бір күн бұрын ел тарихындағы ең алапат өрттердің бірі бақылауға алынды. Бір апта ішінде Серра-да-Эштрела тауларында жалын 16 мың гектар орманды шарпыды. Бірақ, өртті толықтай сөндіру үшін әлі де күш салынуы керек.


Тарихындағы ең ірі өрттердің бірінен аман қалған Францияда күш құрылымдары апаттың алдын алуға ден қойды. Жиронда от қоюшыларды іздейтін жандармерияның тәжірибелік бөлімі жұмысқа кірісті. Мотоцикл мен велосипед мінген офицерлер жандармдардың, орманшылардың және өрт сөндірушілердің функцияларын біріктіре отырып, орман алқаптарын аралап жүр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді