Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордалық тұрғын бұрынғы құдасынан қалың малды қайтарып алмақ болған

Елорда тұрғыны баласы мен келіні ажырасқан соң, бұрынғы құдаларына берген қалың малын қайтарып алмақ болған. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық сотының ресми сайты хабарлады. 

Сот мәліметі бойынша, талапкерлер "Сырға салу" рәсімі бойынша қалыңдық тарапына берілген қалың малды өндіріп алмақ болған. Қалың малға берілген дүниелер қатарында тон, зергерлік жиынтықтар, костюмдер және тағы да басқа заттар бар. Олар бұрынғы құдасынан қалың малды қайтару мақсатында сотқа арызданады. Іс барысында талапкерлер мен жауапкердің балаларының некеде тұрғандары анықталған.2021 жылдың сәуірінде жастар арасындағы неке бұзылған.

Сот шешімімен талапты қанағаттандырудан бас тартылды.Сот қалыңдық үшін қалың мал түріндегі ақшалай сома мен басқа да зат сыйлық ретінде берілді және оларды жауапкерден талап етуге негіз жоқ деген қорытындыға келді. Сонымен қатар бұл заттарды тек жауапкер ғана емес, қалыңдық жақтан басқа да адамдар сыйға алған.Сот шешімін өзгеріссіз қалдыра отырып, апелляциялық сот күйеу мен қалыңдықтың ата-аналарының арасындағы сыйлықтармен өзара алмасу бойынша тиісті рәсімдер қазақтың ұлттық дәстүрлеріне сәйкес жүргізілгенін атап өтті.

Рәсімдік іс-шаралар кезінде берілген мүлікті және заттарды қайтару талабы заңнамада көзделмеген, тиісінше орын алған жағдай бойынша тараптар арасында қандай да бір міндеттемелер туындаған жоқ.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Алматыда ер адамды ұрып-соғу дерегі видеоға түсіп қалған
Президент Мәртөк ауданындағы Саржансай cпорт кешеніне барды
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді