Пысықталып жатқан 64 тапсырма бар. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысының айтқан сын-пікірін ескеріп, 19 шілдеде Жол картасын орындау барысы туралы портфельдік компаниялардың бірінші басшыларының қатысуымен кеңейтілген отырыс өткізіп, аралық нәтижелер тыңдалып, тиісті тапсырмалар берілді», - деп мәлім етті қордың баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісінің сауалына орай. Сонымен қатар, қор миссиясы қайта қаралатынын мәлім етті. «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңға сәйкес, қор қызметінің мақсаты – «Самұрық-Қазына» құрамына кіретін ұйымдардың ұзақ мерзімді құнын ұлғайту және активтерді тиімді басқарып, ұлттық әл-ауқатын арттыру еді.
Ал, даму жоспары шеңберінде қор миссиясы қайта қаралды. Ендігі миссия – Қазақстан халқының мүддесі үшін әртараптандырылған активтер портфелін тиімді басқару және кәсіпкерлікті қолдау арқылы экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ету. 2023-2032 жылдарға арналған даму жоспарының жобасы 14 шілдеде қор басқармасының отырысында келісілді. Жақын уақытта қордың директорлар кеңесі мен стратегия жөніндегі комитетінде қарастырылады», - деп жоспарларымен бөлісті қордың баспасөз қызметінен. Еске сала кетейік, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент қордың жұмысын сынға алып, жұмыстың жүйелі болуы үшін базалық нормативтерді қайта қарау қажет екенін баса айтқан еді.