«2018 жылдан бастап әйел адамдардың зейнеткерлік жасы жыл сайын 6 айға артып келеді. Осы үдеріс кезең-кезеңімен 10 жылда іске асырылады. Зейнетақы жасын біріздендіру бюджет қаражатын үнемдеу үшін емес, лайықты зейнетақы мөлшерін қамтамасыз ету үшін енгізілген. Өзіңізге белгілі, қазақстандықтар бюджеттен базалық және ынтымақты зейнетақысын алады. Ынтымақты зейнетақы азаматтардың 1998 жылға дейінгі 2 еңбек өтілі мен соңғы 3 жылдық табысы негізінде есептелінеді. Нәтижесінде жыл сайын бұл төлемнің түрі кеміп, жинақтаушы зейнетақы үлесі өсетін болады. Сондықтан, зейнетақы жасын төмендету зейнетақы салымдарының көлемінің кемуіне және осы жүйеден берілетін төлемдердің де күрт қысқаруына алып келеді», - деп түсіндіреді Премьер-Министр.
Оның айтуынша, өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты зейнеткерлік жасын көтеру үрдісі дамыған мемлекеттерде де, көршілес Әзербайжан, Армения, Ресей, Беларусь елдерінде де қолға алынып жатыр.
«Осы өзгерістерді есепке ала отырып, елімізде зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттырудың жаңа шаралары пысықталып жатыр.
Олардың аясында: 1) зейнетақының мөлшерін арттыруды көздейтін зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне параметрлік өзгерістер енгізу; 2) инфляция деңгейінен 2%-ға аса отырып, ынтымақты зейнетақы мөлшерін индекстеуді сақтау; 3) жұмыспен қамту мәртебесіне байланысты зейнеткерлік жасқа жақындап қалған әйелдер үшін жаңа қолдау шараларын анықтау. Әлеуметтік жобаларға тарта отырып, жұмыс істемейтін әйелдердің зейнетақы жүйесіне қатысу мерзімін ұзарту; 4) зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің демографиялық трендтерге және бюджет кірістеріне тәуелділігін төмендетуге арналған жинақтаудың шартты компонентін енгізу көзделген.
Осы шаралар зейнеткерлердің барлық санаттары үшін зейнетақы төлемдерінің барабар мөлшерін қамтамасыз етеді», - деп жазылған Әлихан Смайыловтың жауабында.