Бұған дейін желіде той үстінде қалыңдығын ұрып жіберген күйеу жігіттің видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түскен еді. Онда келеңсіз жағдайдың Өзбекстан болуы мүмкін екені айтылған. Осы ретте gazeta.uz басылымы тың мәліметтер ұсынып, ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Kazlenta.kz
Басылымның ақпаратынша, Өзбекстанның отбасы және әйелдер мемлекеттік комитеті бұл оқиғаның Сурхандария облысының Ұзын ауданындағы Толтугай махалласында 6 маусым күні екі жастың тойында болғанын хабарлаған. Іс-шара күйеу жігіттің үйінде өткен. Жастардың достары мерекелік кеште арнайы ойын ұйымдастырған. Күйеу жігіт пен қалыңдық бірінші болып конфеттің сыртын ашуы тиіс болған. Конкурста қалыңдық жеңіп кеткен.
Бұған ашуланған күйеу жігіт оның басынан бір ұрған. Жергілікті ішкі істер басқармасы оқиғаны зерттеп, күйеу жігіт және қалыңдықпен, сондай-ақ жастардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізгеен. Басылым мәліметінше, ер адамға қатысты Өзбекстан Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік іс қозғалған. Аталған бап бойынша 3-тен 5 есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу немесе 15 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
17-06-2022, 12:30
Өзбекстанда тойда күйеу жігіттің қалыңдықты ұрып жібергеніне қатысты тың деректер шықты
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз