Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады

Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Халықаралық үстел теннисі федерациясының (ITTF) президенті Петра Сёрлингті қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда үстел теннисінің дамуына дәйекті түрде қолдау көрсеткені үшін Петра Сёрлингке алғыс айтып, еліміз Халықаралық федерациямен ынтымақтастықты ілгерілетуге айрықша мән беретінін жеткізді.

Қазақстан Президенті ел жастарының үстел теннисіне қызығушылығы арта түскенін айтты. Қазір 260 мыңнан астам адам осы спорт түрімен жүйелі түрде шұғылданады. Мемлекет спорт резервін даярлау және жарыстар өткізу үшін арнайы инфрақұрылымды дамыту ісін қолға алды.

Қасым-Жомарт Тоқаев 2027 жылы Астанада үстел теннисінен өтетін әлем чемпионатын ұйымдастыруға жәрдемдескені үшін Петра Сёрлингке ризашылығын білдірді. Бұл Орталық Азияда аталған спорт түрі бойынша өтетін алғашқы біріншілік болмақ. Әңгімелесу барысында алдағы әлем чемпионатының тарихи маңызына мән берілді. Бұл жарыс үстел теннисінің Қазақстанда ғана емес, бүкіл аймақта да қанат жаюына айтарлықтай жол ашатын болады.

ITTF жетекшісі Петра Сёрлинг үстел теннисіне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты, сондай-ақ федерацияның осы спортты одан әрі насихаттау жоспарымен бөлісті.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы Қазақстанда үстел теннисін дамытуға қосқан үлесі үшін Петра Cёрлингті II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
61 комментарий
  • Elyse
  • 02-11-2026, 17:37
  • : 17:37
Auch wenn ihr im Casino online schnelle Auszahlungen nutzen wollt, solltet ihr verantwortungsvoll mit eurem Echtgeld umgehen. Wenn ihr eure Gewinne vom Online Casino mit schnellster Auszahlung erhalten möchtet, solltet ihr einige einfache, aber wichtige Grundregeln beachten. Eine Online Casino Klarna Sofort Auszahlung oder ein Casino mit Trustly Auszahlung setzt auf Instant Banking. Ein Casino mit Paysafecard Auszahlung spricht vor allem sicherheitsbewusste Spieler an. Ein Online Casino mit Skrill Auszahlung oder eine Online Casino Neteller Auszahlung werden meist bevorzugt bearbeitet. References: https://community.stillhq.io/
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды