Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов шахтадағы апат салдарын мұқият тексеруді тапсырды

Олжас Бектенов шахтадағы апат салдарын мұқият тексеруді тапсырды
Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында күн тәртібіндегі мәселеге кіріспес бұрын Олжас Бектенов Ұлытау облысында шахтаның опырылу салдарынан қаза тапқан жұмысшылардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Үкімет атынан шахтадағы апат салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Марқұмдардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп жатыр», — деп атап өтті Премьер-министр.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен апаттың себептерін тексеру және зардаптарын жою бойынша үкіметтік комиссия құрылды. Жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың есебі тыңдалды. 

Биылғы 17 ақпанда «Қазақмыс» корпорациясының «Жомарт» кеніші шахтасында апат орын алғаны атап өтілді. 7 адам қаза тапты. Бұл ретте 402 адам өз бетінше эвакуацияланды.

Аталған жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық жедел штабы құрылды. Сенім телефонына 23 қоңырау түсті.

Премьер-министрге үкіметтік комиссия апаттың себептерін тергеу бойынша жұмысты бастағаны, тиісті сараптамалар жүргізілетіні баяндалды.
Алдын ала мәлімет бойынша, шахтада табиғи газ жарылған. Комиссия басшысы мен мүшелері оқиға орнында болып, қаза тапқандардың отбасыларымен кездесу өткізді.

Қазір шахтадағы жұмыс тоқтатылды. Екі арнайы шағын комиссия құрылды: біреуі апаттың себептерін, екіншісі қауіпсіздік ережелерін бұзу фактілерін анықтайды. Шағын комиссиялар өз жұмысын 10 күн ішінде аяқтауы керек.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қаза тапқандардың отбасыларына қажетті қолдау шаралары көрсетілуде.

Сондай-ақ «Қазақмыс» корпорациясы ұжымдық шартқа сәйкес, жерлеу рәсімін ұйымдастыру, жылдық орташа жалақының 10 еселенген мөлшерін төлеуге, балалардың оқу ақысын төлеу, қаза тапқан жұмысшылардың несиелері мен қарыздарын өтеуге көмек көрсетеді.

Сонымен қатар қолданыстағы заңнама шеңберінде кеншілердің отбасыларына бюджеттен мемлекеттік жәрдемақылар және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік сақтандыру мемлекеттік қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындалады, сондай-ақ жерлеуге арналған төлемдер жүргізіледі.

Жалпы Комиссия жұмысы аяқталғаннан кейін тергеу нәтижелері ұсынылады.

«Оқиғанының мән-жайын мұқият тексеріп, зардаптарын жою керек. Қанат Алдабергенұлы, жүргізіліп жатқан жұмыстар барысы туралы үнемі баяндап отырыңыз», — деп атап өтті Премьер-министр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
64 комментария
  • Fausto
  • 09-11-2026, 05:06
  • : 05:06
References: Paysafecard slot sites canada online casino paysafe
  • Belen
  • 09-11-2026, 06:53
  • : 06:53
References: Neosurf casino android australia best online pokies australia neosurf
  • Zack
  • 09-11-2026, 07:31
  • : 07:31
References: Best instant payid pokies australia real money pokies online real money australia
  • Nydia
  • 09-11-2026, 08:04
  • : 08:04
References: Casinos that payout to paysafecard canada http://wargame-workshop.com
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды