Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан киберқылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан киберқылмысқа қарсы күресте халықаралық ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: polisia.kz

12-16 қазан аралығында Францияның Страсбург қаласында Еуропа Кеңесінің Киберқылмыс туралы конвенциясы комитетінің (T-CY) 35-ші пленарлық отырысы, сондай-ақ Будапешт конвенциясының 25 жылдығына орай ұйымдастырылған "Octopus 2026" халықаралық конференциясы өтуде,  деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған іс-шараларға Ішкі істер министрінің орынбасары Айдар Сайтбеков бастаған Қазақстан делегациясы қатысуда. Пленарлық отырыс аясында киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері, ақпарат алмасу тетіктерін жетілдіру, құқық қорғау органдары арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жасалатын қылмыстарға қарсы күрестің бірлескен шараларын әзірлеу мәселелері қарастырылуда. Қазақстан делегациясының аталған іс-шараларға қатысуы халықаралық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға, озық тәжірибе алмасуға және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл саласында шетелдік әріптестермен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Еуропа Кеңесінің Компьютерлік қылмыстар туралы конвенциясын (Будапешт конвенциясын) ратификациялауы ерекше маңызға ие болды. 12 қазанда Мемлекет басшысы "Компьютерлік қылмыстар туралы Еуропа Кеңесінің конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Осыған байланысты Ішкі істер министрінің тапсырмасы бойынша Қазақстан делегациясының басшысы Айдар Сайтбеков пленарлық отырыста баяндама жасап, Қазақстанның аталған конвенцияны ратификациялағаны туралы Еуропа Кеңесінің Хатшылығына хабарлады.

Сонымен қатар "Octopus 2026" халықаралық конференциясы аясында өткен салтанатты рәсімде Қазақстан тарапы Конвенцияның ратификацияланғанын растайтын құжаттарды Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Ален Берсеге табыс етті. Будапешт конвенциясын ратификациялау халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге, киберқылмыстарды тергеп-тексеру тетіктерін жетілдіруге және шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен өзара іс-қимылды нығайтуға қосымша құқықтық мүмкіндіктер ашады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
32 комментария
  • Lynwood
  • 06-11-2026, 09:12
  • : 09:12
While they simulate real gameplay, any winnings are virtual and cannot be converted into real money. The only difference is that demo mode uses virtual credits, so no real money is involved and no winnings can be withdrawn. Free pokies are close replicas of real money machines but without deposit or sign-up requirements. Many Aussie and Kiwi players prefer mobile access over PC because it allows them to launch titles instantly without downloading or signing up. Themes include history, adventure, fantasy, sports, movies, and classic reels in online pokies Australia PayID. These titles feature 2026 mechanics that many Australian online casinos include for no download and no registration demo access. References: https://www.tellyflix.com/iptv-forum/topic/australian-payid-pokies-instant-depo
sits-for-aussie-online-slots/
  • Estela
  • 06-11-2026, 09:15
  • : 09:15
Choose the pokie game, and start playing. Forget about waiting and fussing. Select the amount, confirm, and play! The entire procedure takes several seconds. The number of payid pokies casinos in Australia is increasing.
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды