Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды

Қазақстан Үкіметі мен IT-алпауыттары Firebird және NVIDIA жасанды интеллект саласында $10 млрд-тық келісімдер пакетіне қол қойды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов NVIDIA вице-президенті Рев Лебаредянмен және Firebird негізін қалаушылар: бас директоры Размик Овакимянмен және Александр Есаянмен кездесу өткізді. Кездесуге Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин, АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Джули Стаффт қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Америкалық Firebird компаниясы жасанды интеллект инфрақұрылымын құруға, деректер орталықтарын дамытуға және жоғары өнімді есептеу жүйелерін әзірлеуге маманданған. Компания әлемнің түрлі өңірлерінде жобаларды жүзеге асырып, жасанды интеллект, жоғары өнімді есептеулер және цифрлық инфрақұрылым саласындағы әлемдік көшбасшы NVIDIA сияқты жетекші технологиялық серіктестермен ынтымақтастық орнатқан. Компанияның шешімдері әлемдегі жетекші суперкомпьютерлер мен деректерді өңдеу орталықтарының басым бөлігінде қолданылады, сондай-ақ қазіргі заманғы генеративті жасанды интеллект модельдерінің елеулі бөлігінің негізін құрайды.

Кездесу барысында ұлттық жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту мәселелері талқыланды. Олардың қатарында жоғары өнімді есептеу қуаттарын құру, заманауи деректерді өңдеу орталықтарын орналастыру және халықаралық технологиялық серіктестерді тарту мәселелері талқыланды.

Премьер-министр жасанды интеллект пен цифрлық инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның негізгі басымдықтарының бірі екенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы 2026-шы жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялады. Осы аптада «Digital Qazaqstan» цифрлық трансформация және жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі жалпыұлттық стратегиясы қабылданды. Қазіргі таңда негізгі цифрлық жобалардың бірі –  Екібастұз қаласында «Деректерді өңдеу орталықтарының алқабы» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Біздің мақсатымыз – жаһандық цифрлық инфрақұрылымды орналастыруға арналған алаң қалыптастыру. Біз Firebird және NVIDIA серіктестерімен жасалған келісімдерді жоғары бағалаймыз», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр «ДӨО алқабы» жобасының негізгі артықшылықтарына назар аударды. Олардың қатарында ауқымды жер резерві, жеңілдіктер және электр энергиясының бәсекеге қабілетті бағасы бар. Жобаны кең ауқымда тарату мүмкіндігі инвесторлар үшін маңызды фактор болып табылады, яғни қазіргі таңда 300 МВт қуат қолжетімді болса, алдағы уақытта оны кезең-кезеңімен 1 ГВт-қа дейін арттыру жоспарланып отыр.

Firebird компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Размик Овакимян Қазақстанның цифрлық инфрақұрылымды дамытудағы жоғары әлеуетін атап өтті.

«Президенттің 2026 жылды  «Жасанды интеллект жылы» деп жариялау жөніндегі көреген шешімін ерекше атап өткім келеді. Қазақстанға алғаш келген кезде-ақ елдің биік мақсаттары, технологиялық тәжірибесі мен адами капиталы әлемдік деңгейде екені бірден байқалды. Бүгінде жасанды интеллектінің озық есептеу қуаттарына, таланттарды дамытуға және инновациялық экожүйелерге инвестиция салып жатқан елдер ертеңгі экономикалық мүмкіндіктерді қалыптастыратын болады. Firebird АҚШ-тың озық технологияларын енгізу тәжірибесін, жаһандық жасанды интеллект экожүйесіндегі тығыз серіктестік байланыстарын және ірі ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды қауіпсіз әрі ерекше жылдамдықпен жүзеге асыру қабілетін біріктіреді. 2027 жылы жобаны іске қосу Қазақстанды әлемдегі жетекші он елдің қатарына қосады. Біздің командамыз мықты, мүмкіндіктеріміз зор және біз Қазақстан Үкіметімен, NVIDIA компаниясымен және АҚШ-тағы серіктестерімізбен ынтымақтаса отырып, Қазақстанның мақсат-мұратын шынайы жүзеге асыруға өз үлесімізді қосатынымызға қуаныштымыз», — деді Размик Овакимян.

NVIDIA компаниясының вице-президенті Рев Лебаредян «ДӨО алқабы» жобасын жүзеге асыруға арналған негізгі технологиялық құралдар мен тәсілдерді және Қазақстанның жаһандық жасанды интеллект экожүйесіне интеграциялану перспективаларын таныстырды.

 «Жасанды интеллектті дамыту үшін “бес қабатты торт” деп атайтын құрылым қажет. Бұл деңгейде біз төменгі қабаттардағы барлық технологияларды алып, оларды түрлі салалар мен бағыттарға арналған қосымшаларға айналдырамыз, осылайша олар нақты пайда мен құндылық әкеледі. Бірақ бәрі энергиядан басталады. Егер энергия болмаса, қалғанын дамыту мүмкін емес. Бұл – іргетас. Қазақстанда энергия ресурстары бар. Оның қоры мол әрі оны одан әрі өндіру мүмкіндігі болғандықтан, Қазақстан бұл бағытты бастау үшін өте қолайлы орын болып саналады. Шын мәнінде Қазақстан осы бес қабатты торттың әрбір деңгейіне қатыса алады. Мен көргенім, оқығаным және қазір осында болып байқағаным бойынша, Қазақстанның рухы мен жігері алға қарай ұмтылуға және елдің бар игілігін — табиғи ресурстарын да, адами капиталын да — жасанды интеллекттің жаңа дәуіріне қадам басу үшін пайдалануға бағытталған», — деді Рев Лебаредян.

Кездесуге қатысушылар мұндай жобаларға әлем бойынша қызығушылықтың қарқынды өсіп келе жатқанын атап өтті. Халықаралық сарапшылардың бағалауынша, алдағы жылдары жасанды интеллектінің жаһандық нарығының көлемі жүздеген млрд доллардан асады, ал AI-модельдерді оқыту және пайдалану үшін қажетті есептеу қуаттарына сұраныс жыл сайын екі есе қарқынмен өсіп келеді. Осыған байланысты мемлекеттер тек әзірлеушілер мен технологиялар үшін ғана емес, сонымен қатар жаңа буынның цифрлық экономикасының негізіне айналатын инфрақұрылым үшін де белсенді бәсекеге түсуде.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Қазақстан жасанды интеллектті дамытуға арналған ұлттық инфрақұрылымды жүйелі түрде қалыптастыруда. «ДӨО алқабы» жобасы жасанды интеллекті экономикасының жаңа буыны – ЖИ-токендер экономикасының негізгі платформаларының біріне айналады.  $10 млрд көлеміндегі инвестициялар елімізде NVIDIA GB300 және Vera Rubin чиптерін қоса алғанда, соңғы буындағы 100 мың GPU-чиптері негізінде ауқымды есептеу кластерін құруға мүмкіндік береді. Біздің бағалауымыз бойынша, жобаны жүзеге асыру жыл сайын кемінде $3 млрд көлемінде экспорттық кіріс әкеледі, жаңа жұмыс орындарын ашады, жаһандық технологиялық компанияларды тартады және Қазақстанның Еуразиядағы негізгі цифрлық хабтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтады», — деді Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев.

«Біз ондаған жылдарға есептелген инфрақұрылымды қалыптастырып жатырмыз. Жобаны жүзеге асыру заманауи есептеу ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз етуге, жасанды интеллект технологияларын енгізуді жеделдетуге және жаһандық технологиялық компанияларды тартуға қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз — Қазақстанда Еуразиядағы ең ірі цифрлық кластерлердің бірін қалыптастыру», — деді «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин.

Қазақстан үшін заманауи деректер орталықтары мен есептеу платформаларын дамыту инвестиция тартуға, цифрлық сервистерді локализациялауға, инженерлік кадрларды даярлауға және технологиялар саласында жаңа экспортқа негізделген бағыттарды қалыптастыруға мүмкіндік ашады. Өзінің жоғары өнімді инфрақұрылымының болуы сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуге, стартаптарды қолдауға, бұлтты сервистерді кеңейтуге және ел ішінде жасанды интеллект шешімдерін кеңейтуге жағдай жасайды.

Кездесу қорытындысы бойынша жасанды интеллект және цифрлық инфрақұрылым саласындағы ынтымақтастық туралы жалпы көлемі $ 10 млрд-ты құрайтын келісімдерге қол қойылды:

– Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Firebird компаниясы арасындағы стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім. Бұл құжат жасанды интеллект экожүйесін дамыту, сондай-ақ Alem.ai базасында Firebird Labs Kazakhstan орталығын құру жөніндегі негіздемелік келісімдерді бекітеді;

– «КТ-ТЕЛЕКОМ» ЖШС мен Firebird Binding Term Sheet арасындағы ынтымақтастықтың негізгі шарттары туралы келісім, «ДӨО алқабы» жобасы аясында бірлескен жұмыстың техникалық және ұйымдастырушылық параметрлерін айқындайды.

Қол жеткізілген келісімдер «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасын одан әрі жүзеге асыруға негіз қалайды. Жоба жасанды интеллектіні енгізуге, бұлтты технологияларға және жаңа буын цифрлық сервистеріне арналған заманауи технологиялық базаны құруды көздейді. Қол қойылған келісімдер жаһандық технологиялық компаниялардың Қазақстанға жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту үшін болашағы зор алаң ретінде қызығушылығының артып отырғанын көрсетеді және елдің Орталық Еуразиядағы қалыптасып келе жатқан цифрлық хаб ретіндегі позициясын нығайтады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
89 комментариев
  • Jacki
  • 10-11-2026, 17:13
  • : 17:13
References: Buy casino credits with credit card canada https://app.wedonthavetime.org/profile/bubblemetal9
  • Gloria
  • 11-11-2026, 01:55
  • : 01:55
References: Casino pay with credit card australia https://bbs.ybk001.com/
  • Donny
  • 11-11-2026, 02:02
  • : 02:02
References: Casino bonus sofort top casino sofortüberweisung
  • Milford
  • 11-11-2026, 03:23
  • : 03:23
References: No deposit bonus debit card casino debit card gambling sites
  • Harry
  • 11-11-2026, 08:22
  • : 08:22
Das Geld steht euch in Echtzeit auf dem Spielerkonto im Online Casino zur Verfügung und wird auch sofort von eurem Bankkonto abgebucht. Das liegt in diesem Fall daran, dass eure Bank nicht mit dem schwedischen Finanzdienstleister zusammenarbeitet. Startseite » Zahlungsmethoden » Trustly Casinos – die besten Trustly Online Casinos 2022 Der Zahlungsdienstleister ermöglicht dir schnelle und einfache Einzahlungen, die in Echtzeit von deinem Bankkonto auf das Spielerkonto übertragen werden. PayPalHierbei handelt es sich um eine der beliebtesten Zahlungsmethoden im Internet. Es gibt nicht nur Online Casinos mit Trustly, sondern viele Online Shops nutzen das Angebot ebenfalls. References: godcurse.com
  • Marti
  • 11-11-2026, 09:11
  • : 09:11
The latest payid online pokies australia pokies we are currently testing, but have not yet verified enough to list, will appear here once they clear the same checks. Winshark, launched in 2024, is the newest on our list and was added only after three months of monitoring deposits and withdrawals. The 2017 amendment closed the loophole that let offshore operators claim they were not covered, and gave ACMA the power to block domains and request that payment providers withdraw services. Upload your ID and a proof of address the day you sign up, rather than waiting for the first withdrawal to trigger the request. Each casino reviews withdrawal requests manually or semi-manually, checks that wagering is complete, and on your first cash-out confirms your identity documents. The thing most people searching for an instant PayID withdrawal casino in Australia want to know is how long it takes to get winnings back into their bank account, and the honest answer has two parts.
  • Dieter
  • 11-11-2026, 11:06
  • : 11:06
Seriöse Sofort Casinos verfügen zudem über eine online casino freispiele sofort Casino Europa Lizenz, etwa aus Malta oder Curacao, und erfüllen hohe Sicherheitsstandards. Diese zusätzliche Privatsphäre minimiert das Risiko von Datenmissbrauch erheblich. Nun, da euer Guthaben auf eurem Spielerkonto vorhanden und euer Willkommensbonus aktiviert ist, seid ihr startklar. Die Registrierung dauert in der Regel nur wenige Minuten und erfordert nur wenige persönliche Informationen von euch.
  • Rene
  • 11-11-2026, 22:40
  • : 22:40
References: Casino über klarna forum.modulebazaar.com

References: Casino mit deutscher lizenz sofortüberweisung online casino zahlung sofort
  • Eugene
  • 12-11-2026, 01:58
  • : 01:58
References: Trustly Casino ohne Oasis https://bbs.ybk001.com/home.php?mod=space&uid=625463
  • Sherri
  • 12-11-2026, 14:47
  • : 14:47
  • Katia
  • 13-11-2026, 02:20
  • : 02:20
References: Casino einzahlung klarna online casino einzahlung sofortüberweisung
  • Mason
  • 13-11-2026, 02:56
  • : 02:56
References: Online casino paysafecard ohne registrierung test-sida.noads.biz
  • Alba
  • 13-11-2026, 03:08
  • : 03:08
References: Neosurf minimum deposit casino neosurf prepaid card casino
  • Lottie
  • 13-11-2026, 03:35
  • : 03:35
References: Casino klarna einzahlen http://git.yang800.cn/europecod9
  • Trevor
  • 13-11-2026, 10:12
  • : 10:12
References: Neosurf casino without id australia neosurf casino tips australia
  • Gabriel
  • 13-11-2026, 15:11
  • : 15:11
References: Australia casino online pokies online pokies
  • Joann
  • 13-11-2026, 17:26
  • : 17:26
References: Best instant payid withdrawal casino australia real money best payid online pokies australia
  • Liam
  • 13-11-2026, 18:27
  • : 18:27
References: Casino en ligne depot minimum 5€ cashlib earthwiki.space
  • Preston
  • 13-11-2026, 19:26
  • : 19:26
References: Payid pokies online australia diggerporch5.bravejournal.net
  • Carey
  • 13-11-2026, 20:58
  • : 20:58
References: Wire transfer casino payouts australia direct bank transfer casinos australia
  • Katrina
  • 13-11-2026, 21:38
  • : 21:38
References: Neosurf casino australia 2026 http://www.lezcc.com/
References: Neosurf casino games australia http://www.pshunv.com/
  • Margene
  • 14-11-2026, 02:09
  • : 02:09
References: Deposito 10 euro paysafecard casino scommesse online paysafecard
  • Margie
  • 14-11-2026, 05:39
  • : 05:39
References: Payid withdrawal casino aussie online pokies real money
  • Neil
  • 14-11-2026, 09:38
  • : 09:38
References: %random_anchor_text% versamento 5 euro casino paysafecard
  • June
  • 14-11-2026, 14:03
  • : 14:03
References: Nuovi casino online 2026 paypal bonus benvenuto paypal
  • Ciara
  • 15-11-2026, 05:26
  • : 05:26
References: $20 payid deposit casino australia http://daojianchina.com/home.php?mod=space&uid=1637757
  • Latosha
  • 15-11-2026, 09:58
  • : 09:58
  • Jeffrey
  • 15-11-2026, 12:24
  • : 12:24
References: No verification payid casino australia pad.nantes.cloud
  • Mei
  • 15-11-2026, 13:45
  • : 13:45
References: Payid casino real money https://schoolido.lu/user/attackwhale33/
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды