Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы облысы әлемнің үздік мергендерін қарсы алды

Алматы облысы әлемнің үздік мергендерін қарсы алды
Фото: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы облысындағы Александр Асанов атындағы ату клубында – International Shooting Sport Federation (ISSF) ұйымының қолдауымен өтетін стенд атудан Әлем кубогының рейтингтік кезеңі басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Салтанатты ашылу рәсімі бірлікке, жоғары спорттық рухқа толы жарқын мереке атмосферасында өтті. Ұйымдастырушылар қонақтарға Қазақстанның мәдени мұрасымен танысуға мүмкіндік беретін мазмұнды әрі ұлттық нақышқа бай бағдарлама ұсынды. Қатысушы командалардың таныстырылымы ID форматында өтті. Жаңбыр мен қолайсыз ауа райына қарамастан, іс-шара ұлттық колорит пен заманауи технологияларды үйлестіре отырып, әсерлі әрі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Құрметті қонақтар қатарында Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов болды.

«Бұл турнир әлемнің ең үздік спортшыларын біріктіріп, шеберліктің жоғары деңгейін, рухтың беріктігін және жеңіске деген ұмтылысты көрсетеді. Бүгінде Қазақстанның стенд ату мектебі халықаралық аренада өз орнын нықтап келеді. Біздің спортшылар лайықты нәтижелер көрсетіп, ел абыройын арттырып, жас ұрпақты жаңа жетістіктерге жігерлендіреді. Ауа райының қолайсыздығы да бүгінгі іс-шараның жылы атмосферасына әсер ете алмады. Біз спорттың адамдарды біріктіріп, мінезді шыңдап, бізді күшейтетін күш екенін көріп отырмыз», – деді Қазақстан ұлттық спорттық ату федерациясының президенті Берік Асылов.

Ал, Халықаралық спорттық ату федерациясының (ISSF) президенті Лучано Росси өз сөзінде турнирдің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және Қазақстанда Әлем кубогы кезеңін өткізудің маңыздылығын атап өтті: 

«Бүгін біз жай ғана жарысты емес, ату спортының дамуына серпін беретін қуатты алаңды көріп отырмыз. Қазақстан жоғары кәсібилік пен қонақжайлық танытып, әлемдік стандарттарға сай жағдай жасап отыр. Бұл – біздің спорт түрінің дамуына қосылған маңызды үлес»,-деді ол.

Соңғы жылдары елімізде стенд ату спорты қарқынды дамып келеді. Әлем және Азия кубоктары кезеңдерін өткізу, салалық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ спортшыларды жүйелі даярлау елдің халықаралық ату қауымдастығында лайықты орын алуына мүмкіндік берді. Александр Асанов атындағы ату клубы халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді және тұрақты түрде жоғары деңгейдегі жарыстарды қабылдайды.

Тоғыз күн бойы Алматы облысы 42 елден келген 550 спортшының тартысты бәсекесіне куә болады. Ату алаңдарына Олимпиада чемпиондары, әлемдік рейтинг көшбасшылары, сондай-ақ Азия мен Еуропаның үздік мергендері шығады. Олардың қатысуы Қазақстандағы Әлем кубогы кезеңін халықаралық күнтізбедегі ең бәсекелі әрі тартымды жарыстардың біріне айналдырып отыр. Мұнда тек медальдар ғана емес, сонымен қатар 2028 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына жолдама беретін маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынады. Қабылдаушы ел ретінде Қазақстан қатысушылардың ең жоғары квотасын ұсынды. Олардың қатарында ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі Әсем Орынбай – Әлем кубоктары мен Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін жүлдегері, Азия ойындарының үш дүркін жүлдегері, Токио және Париж Олимпиада ойындарының қатысушысы бар.

«Бұл мен үшін жай ғана жарыс емес – туған жердегі жанкүйерлер алдында өнер көрсетіп, Олимпиадаға тағы бір қадам жақындау мүмкіндігі. Негізгі мақсат – тұрақтылық пен маусымның ірі жарыстарында финалға шығу», – деді жарыс қарсаңында Асем Орынбай.

Сондай-ақ Қазақстан құрамасы сапында Алматы облысының спортшысы, Азия чемпионатының күміс жүлдегері, стенд атудан Қазақстан Республикасының спорт шебері Лейла Шантекова өнер көрсетуде.

Жарыс күндері спортшылар «скит» және «трап» дисциплиналарында, сондай-ақ аралас командалық сайыстарда медальдар мен рейтингтік ұпайларды сарапқа салады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі 10 мамыр күні өтеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
47 комментариев
References: Online pokies accepting wire transfer australia http://alfa-power.de/member.php?action=profile&uid=107149
  • Kasey
  • 23-10-2026, 00:41
  • : 00:41
References: Legit bank transfer casinos australia https://www.nlvbang.com/home.php?mod=space&uid=3297101
  • Jenifer
  • 23-10-2026, 01:54
  • : 01:54
References: Live dealer casino bank transfer australia hedgedoc.dawan.fr
References: Best online pokies Australia Osko rcmx.net
  • Mandy
  • 23-10-2026, 06:50
  • : 06:50
References: How osko casino payments work peatix.com
  • Finley
  • 23-10-2026, 19:37
  • : 19:37
References: Osko pokies how to play https://brandmoshaver.com
  • Klaus
  • 23-10-2026, 21:36
  • : 21:36
References: $5 payid pokies australia free spins payid pokies australia
References: Free spins payid pokies australia instant payid pokies
  • Sue
  • 27-10-2026, 09:15
  • : 09:15
References: Fast payout neosurf casino australia instant withdrawal neosurf casino australia
  • Ruby
  • 28-10-2026, 18:35
  • : 18:35
References: Payid pokies instant withdrawal australia instant payid withdrawal pokies australia
  • Debora
  • 29-10-2026, 01:17
  • : 01:17
References: Play real money pokies with bpay BPay casino AU real money
  • Katrin
  • 29-10-2026, 05:52
  • : 05:52
References: $10 payid pokies payid pokies sites
  • Harry
  • 29-10-2026, 18:20
  • : 18:20
References: Payid minimum deposit pokies 5 minimum deposit pokies payid
References: Trusted wire transfer casino Australia https://dreevoo.com/
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды