Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысының полицейлері 18 келіден астам кептірілген марихуана тасымалдаған азаматты ұстады

Қызылорда облысының полицейлері 18 келіден астам кептірілген марихуана тасымалдаған азаматты ұстады
Фото: polisia.kz

Қызылорда облысының патрульдік полиция қызметкерлері “Қарасора – 2023” іс-шарасы барысында 18 келіден астам есірткі затын тасымалдаған Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

“Қарасора – 2023” іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұсында Шымкент – Самара тасжолының 637/1630 шақырымында жол ережесін бұзған Chevrolet Cobalt автокөлігін патрульдік полиция рота қызметкерлері тоқтатты.

Тексеру барысында көліктен үлкен жол сөмкесіне салынған жасыл түсті зат анықталып, айғақ зат ретінде алынды. Сараптама қорытындысымен алынған зат 18 келі 683 грамм кептірілген марихуана екендігі нақтыланды.

Тексеру барысында бұл сөмкенің жолаушыға тиесілі екендігі анықталды. Ол Ақтөбе облысының тұрғыны болып шықты. Күдікті УҰИ-ға қамалды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Мән-жайлар анықталады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді