Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте 30 скутерді жалға алып, сатып жіберген астаналық ұсталды

Шымкентте 30 скутерді жалға алып, сатып жіберген астаналық ұсталды
Фото: polisia.kz

Шымкентте 30 скутерді жалға алып, сатып жіберген астаналық ұсталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Интернетте көлік құралдарын жалға беру туралы жарнамалардың көптігін байқаған жас елордалық тұрғын қаржылық жағдайын жақсарту үшін қылмыстық жоспар құрған.

“Бизнес жоспарын” жүзеге асыру үшін Шымкентке келген.

Жігіт скутерлерді алдын ала төлем жасап, бір-екі айға жалға алған. Сосын оларды сатып жіберген немесе ломбардқа өткізген.

Алаяқтық туралы арызбен 15 адам полицияға жүгінді. Тұран аудандық полиция басқармасының қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Қаскүнем келесі құрбаннан мотороллерді алуға келгенде ұсталды.

– Күдікті жалға берушілердің сеніміне кіре отырып, 30 скутерді иемденіп алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі 12 миллион теңгеден асады. Қазіргі таңда тоғыз скутер тәркіленді. Ұсталған азамат қамауға алынды, – деді аға тергеуші Дінмұхамед Баймахан.

Полицей кейбір көлік құралдары еліміздің басқа аймақтарының тұрғындарына сатылғанын атап өтті. Криминалдық полицияның жедел уәкілдері оларды анықтауға және тәркілеуге бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді