Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 6769 дерегі анықталды

Павлодар облысында алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 6769 дерегі анықталды
Фото: pixabay.com

Павлодар облысында алкогольге қарсы заңнаманы бұзудың 6769 дерегі анықталды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Құқық бұзушылықтардың, оның ішінде алкогольдік масаң күйдегі құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында полицейлер тұрақты негізде алкогольге қарсы заңнаманы бұзушылықтардың жолын кесу және олардың алдын алу бойынша іс-шаралар жүргізеді.

Жыл басынан бері Павлодар облысында құқықтық тәртіп сақшылары белгіленген уақыттан асып алкогольді өткізудің 104 дерегін (ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы), сондай-ақ, алкоголь өнімін тиісті лицензиясыз өткізудің 62 дерегін тоқтатты, дүкен иелері ӘҚБтК-нің 463-бабы (Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысу, сондай-ақ әрекеттердi (операцияларды)жүзеге асыру) бойынша жауапқа тартылды. Сонымен қатар, қоғамдық жерде алкогольді ішудің немесе мас күйде жүрудің 6569 дерегі жойылды.

Статистика көрсеткендей, жиі кездесетін құқық бұзушылықтардың бірі-қоғамдық жерде алкоголь ішу. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) нормасы, ең алдымен, қоғамдық қауіпсіздікті, адамгершілікті қамтамасыз етуге, мас күйінде айналасындағылар үшін де, өздері үшін де нақты қауіп төндіретін адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіпті жоюға бағытталған.

Мәселен, Май ауданының полицейлері алкогольдік ішімдіктерді ішкені немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін 50-ге жуық хаттама толтырды. Қоғамдық орында мас күйінде азаматтардың пайда болуы үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бір жыл ішінде қайталап бұзылған жағдайда айыппұл мөлшері екі еселенеді не оған 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынады.

Мысалы, полицияға ауыл тұрғыны хабарласып, Көктөбе ауылының орталық көшесінде мас адам жүретінін және өтіп бара жатқан адамдардың атына дөрекі сөз сөйлейтінін хабарлады. Келген патруль құқық бұзушыны куәландыруға жеткізді. Бұл ауыл тұрғынының орташа ауырлықтағы мас күйінде екенін көрсетті.

Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша әкімшілік іс қозғалды, материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды
Мемлекет басшысы «ЭКСПО Орталық Азия – 2023» көрмесіне барды
Қосқұдық ауылында мектеп ашылды