Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

20-шы тамызда халықаралық жүк автотасымалына арналған рұқсат карталары мен куәліктерді ауыстыру мерзімі аяқталады

20-шы тамызда халықаралық жүк автотасымалына арналған рұқсат карталары мен куәліктерді ауыстыру мерзімі аяқталады
Фото: pixabay.com

ҚР ИИДМ жоғарыда аталған құжаттарды ауыстыру мерзімі аяқталатынын еске салады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, автокөлік құралдарына халықаралық жүк тасымалын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін рұқсат куәліктері мен карталарын ұсынуға байланысты мемлекеттік қызметті оңтайландыру халықаралық стандарттарға сай келмейтін тасымалдаушылардың артуына, сондай-ақ алаяқтық әрекеттер мен шетелдік рұқсат бланкілердің (ШРБ) үшінші тұлғалардың қолына (қайта сатуға) өтуіне әкелді.

Қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің (13.12.2022 жылғы) №715 бұйрығына сәйкес халықаралық жүк автотасымалына рұқсат беру мен рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларына, сол секілді халықаралық тасымалдарды және өзге де рәсімдерді жүзеге асыруға рұқсат алу талаптары күшейтіліп, өзгерістер енгізілді.

Аталған бұйрықтың талаптары халықаралық жүк автотасымалының отандық нарығын қорғап дамытуға, сонымен қоса қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық стандарттардың мүлтіксіз орындауын қамтамасыз етуге, бәсекелестікті күшейтіп (оның ішінде АКҚ мен жүргізуші құрамын арттыруға), шетелдік рұқсат бланкілерінің жасанды тапшылығы мен халықаралық жүк автотасымалына рұқсат беру жүйесі саласындағы басқа да кемшіліктерді алдын алуға бағытталған.

Тың өзгеріс қызметін адал атқарып жүрген жүк тасымалдаушылардың жұмысына кері әсерін тигізген жоқ. Өйткені бұйрыққа сәйкес талап етілетін құжаттар жүк тасымалы кезінде тұрақты қолданыста болады.

Осы бұйрықтың заңды күшіне енуіне байланысты биыл 20-шы ақпаннан бастап алынған халықаралық жүк автотасымалдарына арналған рұқсат карталары мен куәліктері алдағы 20-шы тамызға дейін ауыстырылуға тиіс.

Белгіленген мерзімде ауыстырылмаған рұқсат куәлігі және рұқсат картасы автоматтандырылған жүйенің қолданысынан шығып, жарамсыз болатынын ескерте кеткен жөн. Сондай-ақ ескі үлгідегі бұл құжаттармен шетелдік рұқсат бланкілері де берілмейді.

Сонымен бірге 2023 жылдың 20-шы тамызына дейін алынған ШРБ бұрын берілген рұқсат куәлігі мен рұқсат картасы негізінде бұйрықта белгіленген мерзімге дейін пайдалануға болады.

Тасымалдаушы рұқсаттарды а. ж. 20 тамызынан кейін ауыстырған кезде ШРБ-ны бұрын алған тасымалдаушының тарихы сақталады.

Аталған өзгерістерге байланысты ескі үлгідегі рұқсат куәлігі мен карталары бар отандық тасымалдаушыларға биылғы 20-шы тамызға дейін тиісті құжаттарды ауыстыру қажет екенін хабарлаймыз. 

Мемлекеттік қызметті алуға байланысты өтініштер «Электронды үкіметтің» (www.egov.kz, www.elincense.kz) веб-порталы арқылы қабылданатынын айта кетейік.

Мемлекеттік қызмет 2 жұмыс күннің ішінде көрсетіледі.

Рұқсат куәлігін алу үшін 862,5 теңге мөлшерінде БАЖ салығы төленеді.

АКҚ арналған рұқсат картасы тегін.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды