Қайғылы оқиға 1 тамыз күні болған. Талдықорғанда отбасылық демалыс орталығының бассейніне 4 жасар бала батып кетті, деп жазады kazlenta.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
"Ересектердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған баланың бассейнге құлап, суға батып кеткені анықталды. Жедел жәрдем бригадасы алғашқы медициналық көмек көрсетті. Өкінішке қарай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады”, - деп хабарлады Жетісу облыстық ТЖД.
Бүгінгі таңда тергеу амалдарын Талдықорған қалалық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.