Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

15 жастағы жасөспірімді жүкті қылып қойған Абай облысының тұрғынына сот үкім шығарды

15 жастағы жасөспірімді жүкті қылып қойған Абай облысының тұрғынына сот үкім шығарды
Фото: pixabay.com

Абай облысы Бесқарағай ауданының пробация қызметінің есебінде 15 жастағы қызбен қарым-қатынасқа түскен азамат 2 жылға бас бостандығынан шектетілді, – деп хабардайды Polisia.kz.

21 жастағы Сергей мен 15 жастағы Лена (есімдері өзгертілген) әлеуметтік желіде танысып, ұзақ уақыт сөйлесіп жүрген. Бір-бірін ұнатқаннан кейін олар кездесе бастаған, ата-аналары олардың қарым-қатынасына қарсы болмаған. Олардың кездесулерінің нәтижесі 15 жастағы Лена жүктілігіне алып келген. Ленаның жүктілігі туралы білгеннен кейін, екі жақтың ата-аналары қыздарының 16 жаска тола салысымен балаларды бірден үйлендіруге келіскен.
Алайда, мектеп медбикесі Ленаның жүкті болғанын біліп, аудандық полиция бөліміне хабарласқан.

Осы тарапта ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша он алты жаска толмаған азаматтармен жыныстық қатынас үшін жауапкершілік қарастырылған. Аталған баппен Сергей қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сот барлық жағдайларды және жәбірленуші мен оның заңды өкілдерінің оған ешкандай наразылығының жоқтығын және оны жазаламауды сұрамағанын ескеріп, оған 2 жыл бас бостандығын шектеу жазасы тағайындады.

Қазіргі уақытта ол Бесқарағай ауданының пробация қызметінің есебінде тұр. Пробация қызметі оған Лена мен баланы қамтамасыз ету үшін жұмыска орналасуға көмектесті. Сонымен қатар оны тұрғылықты жері бойынша үнемі тексеріп отырады, тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды зерттейді, әңгімелесулер жүргізеді. Жақында ғана Сергей мен Лена ұлды болды. Сергей өзінің іс-әрекеті үшін барлық жауапкершілікті түсініп, Ленаға барлық жағынан көмек көрсетіп, үлгілі отағасы болуға тырысып жүр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты