Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Kids go free бағдарламасының арқасында қазақстандық отбасылар балалардың әуе сапарынан 26 млн теңге үнемдеді

Kids go free бағдарламасының арқасында қазақстандық отбасылар балалардың әуе сапарынан 26 млн теңге үнемдеді
Фото: pixabay.com

2023 жылдың бірінші жартыжылдығында Kids go free бағдарламасы арқылы 600-ден астам бала тегін ұшақ билетімен қамтамасыз етілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Ел ішіндегі саяхатты таңдаған 300-ден астам қазақстандық отбасы 26 млн теңгеге дейін үнемдеді. Kids go free - отбасылық туризмге арналған, Мәдениет және спорт министрлігі әзірлеген бағдарлама. Бағдарлама операторы – Kazakh Tourism ұлттық компаниясы. Қазақстандықтар туроператордан ел ішіндегі бағыттар бойынша туристік пакет сатып ала отырып, 2 жастан 17 жасқа дейінгі балаларға тегін авиабилеттерге қолжеткізе алады.

Маусым айында ең тиімді саяхат Астана – Шымкент – Астана бағыты бойынша тіркелген. Бірден 3 немесе одан да көп баласы бар 3 отбасы жоспарланған бюджеттің 40 пайызынан астамын үнемдеген. Kids go free аясында орта есеппен бір турда екі бала саяхаттайды.

«Бағдарлама бойынша саяхаттау оңай әрі қолжетімді. Ол үшін kids.gofree.kz сайтына кіру керек. Кеңес алыңыз және отбасыңызға сәйкес келетін тур пакетін таңдаңыз. Қажетті құжаттарды ұсыныңыз, тур пакетін сатып алу үшін келісім-шарт жасаңыз және балаларыңыз үшін тегін әуе билетін алыңыз»,- деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі