Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қуатты партияның күшті құрылымдары хақында

Өзінің мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруда саяси партияның қызметін жасампаз әрі нәтижелі түрде ұйымдастыру тек қана оның басты миссиясы ғана емес, сонымен қатар барлық деңгейдегі менеджменттің тиімділігін бағалау көрсеткіші де болып табылады. Сондықтан да, «Nur Otan» партиясының динамикалық әлеуеті мен саяси өміршеңдігін, стратегиялық перспективаны электорат қолдауының жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін,  партиялық жұмыстың түрлері мен құрылымдарын үнемі модернизациялап отыруы  заңдылық.      

«Nur Otan» билеуші партия мәртебесін сақтап қалу үшін жоғары бәсекелестік дәуірінде, өз деңгейінде идея, платформа, кадрлар, көпшілікпен қарым-қатынас, сауатты және заманауи құрал-жабдықтар арқылы қоғаммен жұмыс істеуде қуатты партияның мықты құрылымдары қалыптасты.

Әлемдегі көптеген елдердің тәжірибесі көрсеткендей,  көшбасшы саяси күші бар партияның құрылымдық ұйымдарының тиімді жұмыс жасауы мемлекеттің мәселелерін шешіп реформалар жүргізуге неғұрлым қолайлы. Осы сәтте осы жылдар ішінде қалыптасқан билеуші партия құрылымдарына жеке тоқталып,  өзіндік шолу жасағанымыз өте орынды деп санаймын:

«Nur otan» партиясының саяси менеджмент академиясы


Партиялық кадрларды даярлау бойынша арнаулы мектеп құру туралы идеяны партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаев 2009 жылы айтқан болатын. 2010 жылғы 15 сәуірде «Жоғары партия мектебін құру туралы шешім қабылданып және 26 мамырда ресми ашылды.Жоғары партия мектебін құрудың негізгі мақсаты қосымша білім беру бағдарламалары аясында оқытуды ұйымдастыру арқылы партиялық менеджерлердің кәсібилігін арттыру болды, бұл партияның сандық және ұйымдық тұрғыдан кеңеюіне және оның саяси кеңістіктегі орнының нығаюына септігін тигізді. Жоғары партия мектебі партиялық-саяси оқыту желісін дамыту аясында Ақтөбе, Алматы және Семей қалаларында аймақтық филиалдарын ашып, қысқа мерзімді күндізгі курстар ұйымдастыру және көшпелі семинар-тренингтер өткізу арқылы партияның аймақтық және аумақтық филиалдарының партиялық активтерінің біліктілігін арттыруға бағытталды.

2013 жылы Жоғары партия мектебі қайта құрылды. Нәтижесінде Жоғары партиялық мектеп «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебі болып ауыстырылды, партиялық білім берудің мақсаттары мен міндеттері түзетілді, оқытудың формалары мен әдістері өзгеріп, тренингтік форматқа басымдық берілді. 2015 жылы Саяси менеджмент мектебі жұмысында заманауи қашықтан оқытудың әдістері (бейнеконференциялық байланыс семинарлары, вебинарлар, бейнедәрістер т.б.) енгізілгеннен кейін,  аймақтық филиалдар жұмысы маңыздылығын жоғалтып Саяси менеджмент мектебі филиалдарының жұмысы тоқтатылды.  2016 жылдан бастап Саяси менеджмент мектебі партиялықтарды 3 деңгейлік (орталық, аймақтық және аумақтық) оқыту жүйесіне көшті. Бұл оқу бағдарламаларындағы партиялық-саяси тақырыптар бойынша академиялық семинарлар өткізу мен кәсіби құзыреттілікті және тұлғалық өсу бағытындағы тренингтерді сәтті біріктірді, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының басшыларын және барлық деңгейдегі партиялық фракция депутаттарын оқыту процессімен қамтуды арттырды.  

2017 жылы «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент мектебінің ребрендингі жүзеге асырылды. Партия Төрағасының Бірінші орынбасарының 18 қаңтардағы бұйрығымен Мектеп атауы «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент академиясы болып ауыстырылды.

Қорытынды: «Nur Otan» партиясының Саяси менеджмент академиясы осы жылдар ішінде қосымша білім беру бағдарламалары шеңберінде оқытуды ұйымдастыру арқылы партия менеджерлерінің кәсібилігін арттыру саласында өте пайдалы семинар тренингтер, вебинарлар мен оқу құралдары: анықтамалық, библиографиялық материалдар мен қайталауға арналған кітаптар, қандай да бір тақырыпты игерудің, сабақты немесе шараны өткізудің жоспарын айқындайтын көмекші әдістемелік құралдар, оқырманға өзін қызықтырып жүрген ғылыми, техникалық, саяси-ұйымдық, шаруашылық, мәдени, практикалық қызмет бойынша жылдам ақпарат беру мақсатын көздейтін анықтамалық материалдармен қамтамасыз етіп, академия жұмысын дамытуда жемісті жұмыс атқарып келеді.


«Nur otan» партиясының қоғамдық саясат институты

2016 жылдың маусым айында партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылды. Институт қоғамдық-саяси және экономикалық ахуалды, халықаралық процестер мен трендтерді сапалы және проактивті талдауды қамтамасыз етеді. Әлеуметтік көңіл-күйдің тұрақты мониторингін жүзеге асырады, қазақстандықтар үшін маңызды стратегиялық міндеттерді іске асыруда мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бақылайды. Институт ашықтық, ғылыми негізділік, объективтілік және практикалық принциптерге негізделеді. «Nur Otan» партиясы үшін сапалы аналитикалық ақпарат, «ақылды білім» және инновациялық тәсілдердің көзі болуға ұмтылады.  Партиялық қызметті іске асыруда институт бүкіл ел көлемінде әлеуметтік зерттеулерді, Е-аналитиканың ақпараттық аналитикалық жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған:

1. Әлеуметтік зерттеулер өңірлер бөлінісінде ел бойынша әлеуметтік көңіл-күйді талдау мен болжау мониторингінің тиімді кешенді жүйесі. Жүйеде 7 индекс бойынша талдау жүргізіледі, оларда 150-ден астам әр түрлі көрсеткіштер бар. Әлеуметтік зерттеулер, медиа-кеңістіктің мониторингі, ресми статистика, партияның қоғамдық қабылдаулары мен филиалдарының деректері негізіндегі көрсеткіштер.

2. «Е-аналитика» 2019 жылдан бастап Институт ұялы құрылғыларды (планшеттік компьютерлер мен смартфондарды) пайдалана отырып, сауалнамалар жүргізуге толығымен көшті. Мобильдік қосымша «Е-аналитика» партиялық жобасы аясында арнайы әзірленді. Әлеуметтік сауалнамалар тақырыптары әлеуметтік маңызды мәселелердің кең спектрін қамтиды. Орталық тақырып-халықтың әлеуметтік көңіл-күйін зерттеу. Ай сайынғы негізде өлшенетін бірқатар мәселелер әлеуметтік мониторинг картасында көрсетілген

3.Саяси және идеологиялық жаңғырту мәселелерін зерттеу, қоғамдық-саяси процестерді болжау және модельдеу. Қазақстанның әлеуметтік топтарының ең көп санының мүдделерін ескере отырып, ішкі саясатта жоспарланған және жүзеге асырылатын мемлекеттік шешімдерді талдау.

Сонымен бірге,
институттың NUROTANTRENDS, NUROTANPIKIR,  NUROTANTALKS алаңдарында еліміздің қоғам қайраткерлері мен сарапшылары партияның өте өзекті мәселелер бойынша талқылаулар өтеді. "Партия қуатты саяси күш болып қалуы тиіс. Барлық пікірлер, идеялар партиядан шығуы керек. «Nur Otan» партиясының өзінің талдау орталығы болуы керек" деп  партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған институт бұл күнде Орталық Азиядағы "Ой фабрикасы" ТОП бойынша 5-орында.  


«Jas Otan» жастар қанаты  

Жастармен жұмыс жасау  «Nur Otan» партиясы қызметінің маңызды саласы болып табылады. Себебі жастардың арасында белсенді түрде әлеуметтендіруді жүргізуді, жастардың патриоттық деңгейін арттыруды жүзеге асырмай беделді болашақ құру мүмкін емес. Партияның жастар проблемасын шешу барысындағы ұстанымдарының жүйелі интеграторы  «Jas Otan»  жастар қанаты болып табылады.

20 жыл ішінде «Jas Otan» ЖҚ еліміздің жастар саясатының іргетасына, жастар бастамаларының ұйытқысына айналып, мыңдаған жас, өршіл азаматтар үшін әлеуметтік лифт бола білді. Қазіргі таңда Jas Otan қатарында 106 мыңнан астам жігерлі жас бар. Олар әр түрлі мамандықтардың өкілдері, ауыл мен қала тұрғындары, бірақ барлығын отанға деген үлкен сүйіспеншілік пен елдің дамуына үлес қосу деген ұмтылыс біріктіреді. Jas Otan еліміздің барлық облыстары мен 3 ірі қалаларында жұмыс жасайтын жалғыз жастар ұйымы. Бүгінгі таңда жасотандықтар 37 қалалық, 171 аудандық бөлімшелерде, 230 кәсіпорындарымен мен 96 ЖОО-да белсенді қызмет атқаруда.

2025 жылға дейінгі «Жастар – Отанға!» бағдарламасы «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 21 тамыздағы тапсырмасына сәйкес әзірленді. Бағдарлама жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Бағдарлама әртүрлі санаттағы жастардың мүддесін қамтиды және әлеуметтік зерттеулер мен сауалнамалардың нәтижелеріне сүйенеді. Қазақстан аймақтары бойына жалпы бір жарым миллион жас қамтылған.

Jas Otan  ЖҚ жұмысындағы жаңа басымдылықтарды белгілеу, сөзсіз оның имидждік капиталын нығайтуға және жастар арасындағы ықпал ету дәрежесін бекітуге мүмкіндік береді. Әлемдік тәжірибеде, осындай сипаттағы ірі жастар ұйымдарын құру, өзінің саны бойынша Jas Otan сәйкес келер аналогтар жоқтың қасы. Мысалы, «Единая Россия» партиясының– «Молодая Гвардия Единой России» атты жастар ұйымы қатарында 160 мың еріктілер бар.  Оған қоса, шетелдік тәжірибеде қалыптасу принциптеріндегі өзгешелік және қызмет ету бағытындағы ерекшеліктер орын алады.  Бұл ретте Германия тәжірибесін мысалға алған дұрыс болар, ол жерде бірнеше қуатты жастар ұйымдары бар. Олар Германияның Жастар одағы, Жас либералдар, Жас социалисттер Одағы және т.б. түрлі саяси партиялар көзқарастарын ұстанады.

Жалпы, елді жаңғырту үдерісіндегі қазақстандық жастардың басты саяси үйлестірушісі Jas Otan  болашақ саясаткерлер үшін мектеп болып табылады.


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер

«Nur Otan» партиясы жанындағы екі құрылым Партиялық бақылау комитеті мен  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша республикалық қоғамдық кеңес (бұдан ары – СЖҚКРҚК) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтардың алдын алуға ықпал ету, мемлекеттік билік органдарында, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясатты жетілдіру, жемқорлықты тудыратын себептер мен салдарлардың алдын алу, лауазымды жағдайларды асыра пайдалану бойынша заң бұзушылықтарды анықтау қоғамда жемқорлық әрекеттерінің қалыптасуына   төзімсіздік қатынасын қалыптастыру мақсатында құрылған.

Партия құрылған уақыттан бері жемқорлық деңгейін төмендету нақты бағдарламалық міндеттердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүзеге асырудың әдістері мен түрлері жемқорлық сипаттарының өзгеріп отыруы, сонымен қатар оған қарсы күрес жүргізу түрлерінің де өзгеріске ұшырауы нәтижесінде үнемі жаңарып, толықтырылып отырады.

«Nur Otan» партиясының жүзеге асырып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу методологиясы бір жағынан алғанда өте ерекше, ал енді бір жағынан қарастырғанда әлемдік трендтермен тығыз  байланысады.  

Шетелдік мемлекеттер тәжірибесінде іс жүзінде сыбайлас жемқорлықпен жүйелі түрде партия күштерін қолдану арқылы күрес жүргізу тәжірибесі (Қытай мемлекетін есептемегенде, ол жақта ҚКП коммунист - жемқорларды моралды тұрғыдан жоюға байланысты белсенді шаралар қабылдайды) кездеспейді.

Онымен қоса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу барысында жемқорлыққа қарсы түсінік қалыптастыру сияқты түрлерін пайдалану, кәсіпкерлік жолындағы әкімшілік тосқауылдарды төмендету, биліктің есеп беру барысындағы ашықтығын арттыру және т.б. әдістер әлемнің жетекші елдерінде жемқорлық деңгейін төмендетудің қолданыстағы әдістері болып табылады.  

«Nur Otan» партиялық методологиясы осындай әлеуметтік құбыжықпен күрес жүргізу барысында теориялық және практикалық негізде де сыбайлас жемқорлықты азайтудың әлемнің дамыған мемлекеттерінің тәжірибесіне сүйене отырып орындайды.


Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес 

Ана мен бала құқығын қорғау - Қазақстан үшін қашанда аса маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Себебі, мемлекеттің ең басты қазынасы - адам екендігі Қонституцияда анық жазылған. Еліміздегі ең  іргелі  «Nur Otan» партиясы  ана мен бала құқығын қамтамасыз ету саласында  біраз игілікті істер атқарып келе жатыр.  Мысалы, партияның «Бақытты отбасы» жалпыұлттық жобасының басты басымдығы балалар құқығын қорғау болып табылады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін  2019 жылдың 7 ақпанында партия жанынан отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес құрылып  және «Жол картасы» әзірленген. Жоба аясында 1000-нан астам балалар үйінің түлектері тұрғын үймен қамтамасыз етілді, жетім балалар үшін 2000-ға жуық білім беру жинақ салымдары ашылды, 270 000 «тәуекел тобының» отбасы құқықтық және психологиялық көмек алды, 220-дан астам елді мекендердегі 1350-ден астам мекемелер тексерілді; қоғамды балаларға мұқият болуға шақыру;  балалар құқықтарын қорғауды шешудегі өзекті мәселелер мен тетіктер қарастырылды.

Сонымен қатар, елімізде ерекше қажетіліктері бар балаларды оқытатын  медициналық әлеуметтік мекемелер проблемасын да «Nur Otan» партиясы жанындағы осы  қоғамдық кеңес көтерді.

Түйін сөз:  қуатты партияның күшті құрылымдары  партияның алдында тұрған әртүрлі міндеттерді тиімді шешуге ықпал ететін партияның жоғары динамикалық әлеуетін анықтайды.  

Сөзсіз, партиялық жұмыста саяси құралдар шоғырын кеңінен пайдалануға ықпал ететін, қоғам мүшелерін партиялық қызметке кеңінен тартуға мүмкіндік беретін негізгі фактор Елбасы статусы және қоғамдағы беделінің жоғары деңгейі болып табылады.

Инновациялық саяси технологияларды,  осыған дейін пайдаланылып келген тәжірибелерді қолдана отырып партиялық жұмыстарды методологиялық тұрғыдан «Nur Otan» партиясының бәсекеге қабілеттілігін жоғары деңгейде ұстап тұру бағытында маңызды құрал болып табылады.

Осылайша, іс жүзінде партиялық жұмыстың ең тиімді әдістерін пайдалану, тиімсіз әдістердің алдын алу мақсатында  үнемі «қатемен жұмыс» жасаған жөн.

 Саясаттанушы,  
Меруерт Кенжебайқызы
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді