Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты іс сотта қаралып жатыр

Қаңтарда оққа ұшқан 4 жасар Айкөркемнің өліміне қатысты іс сотта қаралып жатыр
Фото: pixabay.com

Алматы гарнизонының әскери сотында қаңтар оқиғасы кезінде кәмелетке толмаған Айкөркем Мелдеханның өліміне әкеп соқтырған қылмыстық іс қаралып жатыр. Сот отырысы 26 шілдеге жоспарланған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап.

Бас әскери прокуратура мәліметінше, процестің өзі іс материалдарында жарияға жатпайтын құпия құжаттардың болуына байланысты жабық режимде өтеді.

“Қорғану тарапы да, жәбірленуші тарап та тиісті заң көмегімен қамтамасыз етілген, қорғаушылары бар. Қылмыстық процеске қатысушылардың арызы бойынша оларға мемлекеттік құпияларға рұқсат ресімделген. Сондай-ақ, қайтыс болған кәмелетке толмаған Айкөркем Мелдеханның әкесі Айдос Мелдеханға мемлекеттік құпияларға рұқсатты рәсімдеу бірнеше рет ұсынылды. Алайда, Айдос Мелдехан рұқсат жасаудан бас тартты. Оған мемлекеттік құпияларға рұқсат беруден бас тартудың салдары ескертілді”, – делінген хабарламада.

Айыптау әскери қызметші А.Жұманның іс-әрекетінің заңсыздығын растайтын қылмыстық іс материалдарына тіркелген (куәгерлердің айғақтары, сараптамалардың қорытындылары және басқа да дәлелдемелер) дәлелдермен қатаң негізделетіні атап өтілді.

Қазіргі уақытта басты сот талқылауы тағайындалды, оның барысында барлық жиналған дәлелдемелер зерттеліп, баға беріледі.

Прокуратура сот талқылауының барысы туралы жұртшылық жария етуге рұқсат етілген көлемде хабардар етілетінін атап өтіп, тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

Айта кетейік, бұдан бұрын Қаңтарда ҚазҰУ ректорының ұлын атып өлтірген әскери қызметкерге үкім шыққан.

Сондай-ақ, Талдықорғанда қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Сейітқұловтар отбасының өліміне кінәлі деп айыпталған әскери қызметкер сотталды.

Сейітқұловтар отбасы 2022 жылдың 8 қаңтарында қаза тапты. Әскерилер Нұрболат Сейітқұлов, оның жары Алтынай Етаева мен 15 жастағы қызы Нұрай мінген көлікке оқ жаудырған. Үшеуі оқиға орнында көз жұмған. Данияр Егембаев Нұрболат пен қызының өліміне қатысты күдікті деп танылған. Алтынай Етаеваның өліміне байланысты іс жеке өндіріске шығарылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді