Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Атырауда рестобарда бойжеткенді ұрған күзетшілерге қатысты тергеу басталған

Атырауда рестобарда бойжеткенді ұрған күзетшілерге қатысты тергеу басталған
Фото: pixabay.com

Атырауда рестобарда бойжеткенді ұрған күзетшілерге қатысты тергеу басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Бойжеткен Instagram-парақшасында жазғандай, рестобардың күзетшілері онымен танысуға талпыныс жасаған. Бірақ, ол бұл ұсыныстан бас тартқан. Содан кейін кикілжің басталған.

«Күзетшілер телефонмен сөйлесуге шыққан мені қайтадан кіргізбей қойды. Олар маған күш көрсетті. Бетімнен бірнеше рет ұрып, жерге құлатты. Сол кезде мені ұрған күзетші басымнан тепті. Полицияға шағым түсірдім. Бірақ, видеожазбаға екі күннен кейін ғана қол жеткіздік», - дейді зардап шеккен бойжеткен.

Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

«Атырау қаласындағы рестобарлардың бірінде азаматшаны ұрып-соғу дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер анықталды. Жәбірленушіге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, бұған дейін Атырауда болған өзге оқиға жөнінде жазған едік. Бес жігіт көпқабатты тұрғын үйдің алдында төбелескен. Олар учаскелік полиция қызметкерлерінің талабына бағынбай, қарсылық танытқан.

Учаскелік полиция инспекторлары 32-38 жастағы жігіттерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1, 2-бөлімдерімен, 667-бабының 1-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырды. Жинақталған іс құжаттары сотқа жолданды. Сот шешімімен кінәлілерге 5 күннен 20 күнге дейін әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
"Құрмет" орденіне байланысты шудан кейін Әли Оқапов барлық марапатынан бас тартты
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті бірқатар келісімге қол қою рәсіміне қатысты
Қазақстанның энергожүйесін жаңғырту: Батыс аймағы желісінің қуаттылығы екі есеге артты
Қазақстан мен Того президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы бақылауда
Теңге дизайны өзгерді