Орталық директоры Акбота Базарбаеваның айтуынша, олардың негізгі міндеті – отбасылық білім, ажырасудың алдын алу және Қазақстандағы отбасы институтын нығайту. Ажырасудың басым көпшілігі статистика бойынша отбасылық өмірдің алғашқы жылдарында болатыны жасырын емес. Жастар көбінесе үйленуге дайын болмайды: ата-анасының айтуымен немесе қыздың аяғы ауыр боп қалып немесе ұзаққа созылмайтын романтикалық таныстықтан соң үйленеді. Ал содан кейін романтика өздігінен үйлену тойынан кейін де жалғасады деп үімттенеді, жарына көп талаптар қоя бастайды, оған өзі жеткілікті көңіл бөлмесе де, жарының өзіне көңіл бөлуін күтеді. Кез келген қатынас – бұл адамдар арасындағы күнделікті үздіксіз еңбектің жемісі , бірінің сөзіне бірі құлақ асып, тіл табыса білуге әрекет жасау, бір-бірінің қызығушылығын және жеке кеңістігін сыйлау. Нақты осы ағарту және оқыту жастарға отбасылық өмірдің психологиясы туралы қажетті білімді бере алады. Отбасылық өмір негіздеріне жасөспірім шақта оқып-үйренген дұрыс, 12-18 жаста, ол кезде жастар әлі байсалды қарым-қатынасқа дайын емес, енді қарым-қатынас құруды үйреніп жүрген кездері.
Жасөспірімдер үшін орталықта арнайы курс әзірленген, ол онлайн және оффлайн түрде өтеді. Жақында ғана 4 студенттер тобы сондай курсты оқып бітірді. Әр топты өз менторы алып жүрді, балалар конспект жазып, тіпті үй тапсырмасын да орындады. Үлкен адамдар үшін жеке курс әзірленген. Атап айтсақ, қыркүйекте «Отбасы»-да алматылық бос уақыт орталықтарының 15 басшысына арналған 20 күндік курс өткіздік. Олардың барлығы отбасылық қарым-қатынастар профилактикасы бойынша өз бетінше тренингтер мен семинарлар өткізу құқығын беретін сертификаттар алды, «Асимов бойынша өзін ұстай білу» атты Психикалық денсаулық институтымен бірлесіп әзірленген курс өтеді, ұйымдастырушылар бұл курсқа романтикалық «Жан тазалығы курсы» деген ат берген . Біздің жанымыз да денеміз сияқты тазалағанды, демалысты және қайта қалпына келгенді қажет етеді. "Отбасы" орталығына Қазақстан мен Орталық Азиядағы отбасы институты үлкен көмек пен қолдау көрсетеді. Бұл ұйым Еуропа елдерінің, атап айтқанда, Испанияның мысалдарына сүйене отырып, 12 жылдан бері елімізде жұмыс істеп келеді, Испанияда отбасылық жұптар Отбасы институтында нағыз білім алады. Испандық лекторлар Қазақстанға бірнеше рет келіп мамандар үшін тренингтер өткізді.
"Қазақстанның 25 пайдалы ісі" тізіміне енген "Отбасым" жобасын ұйымдастырушылар орталықтың ең маңызды бастамасы деп санайды, ол 4 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде оның аясында 1200-ге жуық қатысушы білім алды.
"Біздің тренингтерімізде біз әрқашан тамыры бар ағашты мысалға келтіреміз. Кез-келген проблеманың, аурудың, қиындықтың тамыры бар. Дәл осы "тамырымен" біз жұмыс істейміз, салдары емес, себебін жоюға тырысамыз", - дейді Ақбота Базарбаева.
Тренингтерде отбасылық өмірге дайындықтан басқа көшбасшылық, әлеуетті дамыту, мінез-құлықты тәрбиелеу, өзін-өзі бағалауды көтеру, кәсіби дағдыларды дамыту және т.б. сияқты маңызды тақырыптар қарастырылады. Бұл да маңызды, өйткені қазір көптеген адамдар алдымен аяққа тұрып алуға және өмірде өз орнын табуға тырысады, содан кейін ғана қарым-қатынас орнатады. Екі ақыл тоқтатқан, ересек адамдар, тек мәртебе үшін ғана АХАЖ-ға барғандардан қарағанда бірі-біріне көбірек махаббат мен құрметке бөлеуі мүмкін. Және мәселе адамның жасында емес, білімде, жұбын бақытты етуге деген ұмтылыста. Сондықтан қазіргі заманда отбасы институты ескірді деген әңгіме мүлдем дұрыс емес. Иә, неке өзінің әдеттегі, патриархалды нұсқасында шынымен де танымалдылығын жоғалтады. Бірақ ол жаңа формаларға ие болады, еркін, жетілген және саналы. Енді өзіңізді және жақын адамдарыңызбен қарым-қатынасты түсінуге және отбасын берік әрі дана отбасын айналдыруға көмектесетін мамандар бар болғаны жақсы.