Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үйге сыйлықтар: еріктілер мен әкімдік Әуезов ауданының ардагерлерін құттықтады

Кеше Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасы мен Әуезов ауданы әкімдігінің қолдауымен ардагерлерге еміс себеттері мен азық-түлік сатып алуға сертификаттар Алматы жастарымен үлестірілді, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Орталық үйлестірушісі Камила Нұралиеваның айтуынша, акция Қарттар күніне орайластырылған. Жастар Алматы қаласы мәслихатының депутаты, "Nur Otan" партиясының мүшесі Ерболат Қасымовпен бірге қарттар үйіне барып, оларды мерекесімен құттықтады.


Әрбір ардагерге сыйлыққа үлкен және әдемі безендірілген жеміс себеті, «Magnum Cash&Carry» ірі бөлшек сауда желісінен сатып алуға арналған сертификат және естелік ашық хат ұсынылды.


 

Мұндай жақсы қарым-қатынас қарттарға зор әсер етті: олар сыйлықтарды үлкен қуанышпен қабылдады және еріктілерге көңіл бөлгені үшін шын жүректен алғыс айтты. Мұндай бастама бірден-бір ғана емес екендігін айта кеткен жөн. Алматы қаласы қоғамдық даму басқармасының қолдауымен Ресурстық орталықтың жастары әр түрлі акциялар өткізеді және құрдастарын өздерінің үлгісімен шабыттандырады.


 

Екі күн бұрын Наурызбай ауданының Жастар ресурстық орталығының балалары ТЖМ-мен бірлесіп  жағдайы төмен отбасылар тұратын үйлерде түтін датчиктерін орнатты, сондай-ақ қабырғаларды әктеуге және түтін құбырларын жиналып қалған күйеден тазартуға көмектесті. Ал қазан айының басында жастар Алматы Арена спорт кешенінің қасындағы жас алма ағаштары мен қара өріктен тұратын жеміс аллеясын толықтай отырғызды.  Өз қаласына ықыластықпен әрі қамқорлықпен қарау, бастамашылдық және тапқырлық  – орталық еріктілерін ерекшелейтін қасиет. Олардың белсенді қызметінің арқасында біздің қала жақсарады, таза, әдемі және мейірімді болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты