Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында есірткі таратумен айналысқан күдікті ұсталды

Павлодар облысында есірткі таратумен айналысқан күдікті ұсталды
Фото: pixabay.com

Павлодар облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімшелерінің жедел қызметкерлері есірткі таратқан павлодарлық 27 жастағы күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ер адамның белсенділігі интернет желісінің ресурстарын мониторингтеу барысында есірткі құралдарының “бетбелгілерін” неғұрлым ықтимал қалдыру орындарын жасырын бақылау барысында полицейлердің назарын аударды.

– Оқиға орнын тексеру кезінде ұнтақ заты бар 10 кішігірім орам табылды. Олар тәркіленіп, сот-химиялық сараптама жүргізуге жіберілді. Сараптама нәтижелері бойынша табылған зат – жалпы салмағы 120 грамм болатын каннабис тектес есірткі екені анықталды, – деп хабарлайды Павлодар облысы ПД ЕҚҚКБ бастығы Тимур Қаржаубаев.

Ер адам жедел қызметкерлерге интернеттен үлкен табыс табуға уәде берген хабарландыру тапқанын айтты. Ұсынысты ойланбастан қабыл алды. Оның телефонына есірткі затын алу қажет және кейіннен бетбелгі қою қажет жерлердің координаттары бар хабарламалар келіп түсті.

Осы факті бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Баптың санкциясы өмір бойы бас бостандығынан айыруға дейін максималды жазаны қарастырады. Қазіргі уақытта күдікті қамауда отыр.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді